Қатты уайымға салынған ШҚО әкімі тұрғындарға видеоүндеу жолдады

Қаракөз Амантай 15 февр. 2024 19:51 3138

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ауа райына байланысты облыс тұрғындарына видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көшербаевтың айтуынша, соңғы күндері облыста екі айға татитын қар жауған. Тіпті кейбір жерлерде қар деңгейі бір метрден асқан. Осыған жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысында алты республикалық және сегіз аудандық маңызы бар тас жолдары жабылған. 

"Барлық мемлекеттік қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 400-ге жуық техника жұмылдырылып, жедел желі ашылды. Еріктілер жеке сектордағы қарды тазалауға көмектесуде. Барлық қызметкерге күндіз-түні шаршамай еңбек етіп жатқаны үшін алғыс айтамын. Қар көшкіні қаупі бар аймақтарға «Қазселзащита» мамандары жөнелтілді. Олардың саны облысымызда - 487. Қала және аудан әкімдеріне төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге байланысты тиісті тапсырмалар берілді. Қар жауған соң ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Барлық облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамауға шақырамын. Аса қажет болмаса, елді мекендерден шықпаңыз. Жағдай жеке бақылауымда болады", - деп мәлімдеме жасады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.


Рекомендовать
Последние новости