Димаш Құдайберген жаңа қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 15 февр. 2024 18:54 20034

Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындады. Осы тұста Димаш та жаңа қызметке кірісті. 

"Мен ХКҰ-ның ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әр адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық", - деді Димаш Құдайберген.

Еске салйық, ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. 


Рекомендовать
Последние новости