"Қатарымызға қосыл...". Назарбаев Мирзияевқа үн қатты

Dalanews 19 авг. 2021 11:52 937

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

РИА Новости хабарлағандай, кездесу Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы алдында болды.

"Мен осы ұйымның Құрметті төрағасы ретінде бәрін бақылап отырмын және бұл ұйымды нығайтуымыз керек, басқалар да осында болатындай, көршілерді айтамын...

Өзбекстан, Тәжікстан Еуразиялық одақтың құрамында болуы керек, бізге Түркіменстанмен де жұмыс істеу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЕАЭО - Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік негізінде құрылған, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп жатқан халықаралық экономикалық интеграциялық бірлестік.

ЕАЭО мүшелері - Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттері.

...

Бұдан бұрын Dalanews.kz Өзбекстан Еуразиялық одаққа бақылаушы статусында қосылғанын хабарлаған

Бұл жайында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров арнайы мәлімдеме жасап, Өзбекстанның бұл шешіміне дән риза екенін айтқан.

Оның атап өткеніндей Еуразиялық одақтың ықпалын арттырып, құлашын кеңейте түсу ұйымның басты мұратының бірі. 

“Одақтас елдер соның негізінде алыс-барыс, барыс-келісті жақсартып, экономикалық әл-қуатын көтеруге мүмкіндік алады”, – деген еді Лавров. 

Өзбекстанның Еуразиялық одақтың құрамына бақылаушы ретінде қосылуы Кремль идеологтарының көптен бері көксеп жүрген арманы.


Мәскеу бұл мәселені Өзбекстанның өз ішіндегі ресейшіл саясаткерлердің аузына салып, Мирзияев президент болғалы белсенді үгіттеумен келді. 

Бұдан бұрын өзбек үкіметі “Еуразиялық одақпен әріптесудің жолдарын іздеп жатқанын” мәлімдеген. 

Соның алдында Dalanews.kz-ке сұхбат берген өзбек шолушысы Бахтияр Ерғашев Кремльдің Өзбекстанды ұйымға қосуға ынтық екенін, Кәрімов билігі кезінде Ташкенттің осы блокқа ұмтылмағанын айтқан.

Билікке Шавкат Мирзияев келген тұстан одаққа қосылу туралы талқылаулар қайта қызған.

 

https://dalanews.kz/news/65421-ozbekstan-euraziialyq-odaqtyng-baqyla

 

Рекомендовать
Последние новости