Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша көш бастап тұр

Dalanews 19 авг. 2021 17:02 1179

Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен мақұлданған жобалар бойынша алғашқы орында. Бұл туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповтың қатысуымен Қарапайым заттар экономикасы бойынша өңірлік жобалық кеңсенің мәжілісінде мәлімденді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа кәсіпкерлік және сауда басқармасы өкілдері, сонымен қатар екінші деңгейлі банк және микроқаржы ұйымдары мен әр ауданнан әкім орынбасарлары онлайн қосылды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың мәлімдеуінше, өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 50,2 млрд теңгенің 311 жобасы бар. Оның ішінде 41,7 млрд  теңгенің 307 жобасы қаржыландырылған және мақұлдаған.

Тағы 5 жоба қарастырылуда. Мақұлданған жобалар саны бойынша Түркістан облысы елімізде алғашқы орында.

Айта кету керек, қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына негізделген. Әлеуетті жобалардың 81% -ы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қаржыландырылады.

Бүгінде несие корпорациясында бағдарлама аясында жобаларды несиелеуге қаражат тапшы. Салдарынан жобаларды қаржыландыру уақытша тоқтап тұр. Кәсіпкерлер несие беруде ауылды жерлерде екінші деңгейлі банктердің үлесі төмендігін айтуда. Отырыста банктер мен өзге де ұйымдардың стартап жобаларды несиелендіруге құлшынысының төмендігі айтылды.

Бұл мәселелерді шешу үшін жас кәсіпкерлерге менторлық және қаржылық қолдау көрсету үшін 2021 жылы «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы іске қосылған. Бүгінде менторлар қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар, ауылдық және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді «Атамекен-Түркістан» МҚҰ арқылы, «Turkistan» ӘКК қолөнершілерге ұсынған несие өнімі және Туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «Turkistan» ӘКК-мен бірлескен кредиттік өнім арқылы қолдау жоспарлануда.

Жиын барысында «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алудағы жергілікті қамту үлесін мониторингілеу барысында анықталған мәселелер де талқыланды.

Рекомендовать
Последние новости