Қаскелеңдегі сот аумағынан күдікті қашып кеткен

Сағыныш Сардарова 01 апр. 2025 15:59 915

Қаскелеңде кісі зорлады деп айыпталған ер адам сот ғимаратынан қашып кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мән-жай

Зорлау дерегі бойынша айыпталған адам Қаскелеңдегі Алматы облысы Қарасай аудандық соты аумағынан сағат 10:35 шамасында қашып кеткен. 

Orda.kz мәліметінше, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша баланы зорлады деп айыпталып отыр.

Ауданда арнайы «сирена» режимі жарияланған.

Полиция пікірі

Алматы облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Азаматтардан сабыр сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз", - деді Алматы облысының Полиция департаменті өкілі.


Рекомендовать
Последние новости