Қасыкөй екінші сыныптың қызын зорламақ болған

Dalanews 11 мар. 2020 04:45 894

Алматы қаласы маңындағы Талдыбұлақ ауылында жаға ұстарлық оқиға орын алды. Осы ауылда сегіз жастағы қыз көршісінің үйіне құрбыларымен ойнап жүріпті. Ата-анасы кешкі асқа шақыруға шыққанда, таба алмаған соң бірден полицияға хабарлаған.

Көршілдерінің айтуынша, күдікті туысының екінші сыныпта оқитын қызын алдап шақырған. Алайда онысынан түк шықпаған соң үйіне кіре берісте бас салып, аузы-мұрнын тұмшалап, жақын маңдағы үйлердің бірінің жертөлесіне алып кеткен. Тәртіп сақшыларымен бірге жанұшыра іздеген туыстары күдіктінің қылмыс үстінде қолға түсіріпті.

Екінші сынып оқушысын қорламақ болған қасыкөй бір көшенің бойында тұратын 30 жастағы жігіт болып шықты. Әскерде борышын өтеп келген соң, отбасын құрып, соңынан жараспаған соң ажырасып тынған екен.


Ол 7 наурыз күні ішімдікке сылқия тойып алып, осындай қылмысқа баруға оқталған. Бұл оқиғадан шошып қалған көршілері оның бойынан ерсі қылықтар байқамағандарын алға тартты.

Бұл келеңсіз оқиғаны естігенде мектеп ұжымының төбелерінен жай түскендей болыпты. Қыздың ата-анасының жанынан табылып, бірден психологиялық көмек көрсеткен. Жәбірленуші отбасындағы үш баланы тұңғышы екен. Оқу үлгерімі жақсы, үлгілі оқушы. Сезікті де осы мектепті тәмамдапты.

– Баланы ата-анасы психолог біраз профилактикалық жұмыс жүргізуі керек. Қазір бала емханада. Іле ауданындағы балалар емханасында профилактикалық ем алып жатыр. Баланың көңіл-күйі жақсы, ем алуда, – деді мектеп директоры Зәмзәгүл Мәріпқызы. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

– Жоғалып кеткен қызды табу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру шаралары барысында арада екі сағат өткеннен кейін сол ауылдың үй-жайлардың бірінің жертөлесінде жоғалған қыз табылған. Сол жерде, сондай-ақ, 1990 жылы туылған күдікті ер адам ұсталды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.


Осы оқиғадан кейін талдыбұлақтықтар, балаларын мектеп түгілі дүкенге жалғыз жіберуден қорқып қалыпты. Мектепке жетектеп әкеліп, алып кетіп жүр. Ал күдіктінің қылмысы дәлелденетін болса 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости