«Кездесу барысында апатты ғимараттар, құрылыстар, газ құбырлары бойынша ең өзекті деген мәселелер талқыланды. Аталған мәселелердің барлығы бірінші кезекте пысықталатын болады. Сондай-ақ қолданыстағы кокс батареяларын жөндеу және салу маңызды», - деді КХӨ бас инженері Анатолий Фадеев.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында компанияның сегіз шахтасының тек екеуі ғана жұмыс істеген болатын. Жұмыстың тұрып қалуы өндірістік көрсеткіштерге де, кеншілердің жалақысына да кері әсер етеді.
Көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов 29 желтоқсанда Абай шахтасында лава 311-К18с өндіру жұмыстарына кіріскенін хабарлады. Қуаты 2,1 метр болатын жаңа лава К18 маркалы көмір шығарады..

Сондай-ақ, компания басшылығына Саран шахтасының жағдайы таныстырылды. Биыл онда бірнеше лаваны іске қосу жоспарланып отыр.
"Біз 600 метр тереңдікке түсуді жүзеге асырдық. Онда біз наурыз айында іске қосуды жоспарлап отырған 71 К-12/3 болашақ лаваның монтаждау камерасына бардық. Сонымен қатар тағы бір 41 К7 в лава болады. Бұл К12 және К7 маркалы көмір өндірудің жылдық көлеміне 1,3 млн тоннаға дейін шығуға жағдай жасайды", - деп атап өтті Саран шахтасының директоры Сергей Бамилер.
Инспекция қорытындысы бойынша Андрей Лаврентьев шахтерлердің өздері ұсынған жаңашылдық процестерін егжей-тегжейлі қайта зерделеуді тапсырды.