Қаржымин есебі: Биылғы 10 айда Ұлттық қордан 4,6 трлн теңге алынды

Кәмшат Тілеухан 07 нояб. 2024 16:02 1569

ҚР Қаржы министрлігінің 2024 жылдың 10 айында Ұлттық қорға түскен және алынған қаражаттар бойынша есебі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz

2024 жылы 1 қаңтарда Ұлттық қорда 29,8 трлн теңге болған. Қаңтар-қазан айлары аралығында қор тағы 5,8 трлн теңге қаражатпен толықты.

Тарқатып айтсақ:

  • жергілікті бюджеттерге бөлінген салықтарды қоспағанда, мұнай секторындағы ұйымдардан тікелей тұскен салық - 3 234 640  661,7 мың теңге;
  • жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда, мұнай секторындағы ұйымдардың жүзеге асырған операцияларынан түскен басқа да салықтықтар - 17 093 809,7 мың теңге;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 44 888,2 мың теңге;
  • республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер - 1035867,9 мың теңге;
  • ұлттық холдингтердің, компаниялардың және олардың еншілес компаниялары активтерін бәсекелестік ортаға түсіруден түсетін түсімдер - 47 441,5 мың теңге;
  • ЕДБ кредиттік портфельдері, активтер сапасын жақсартуға маманданған ұйымдары сатылымынан түсетін түсімдер -11 225 000 мың теңге;
  • 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс– 2 538 948 377 мың теңге.

2024 жылы 10 ай ішінде Ұлттық қордан 4,6 трлн теңге жұмсалды:

  • 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт ретінде алынса,
  • 2,6 трлн теңге нысаналы трансферт ретінде аударылды.
  • Сондай-ақ қорды басқаруға және аудитке 11,9 млрд теңге бағытталды.

Қорыта келгенде, 2024 жылдың 1 қарашасында Ұлттық қор активі 30,9 трлн теңгені құрады.

2023 жылдың 1 қаңтарында Ұлттық қорда 26,7 трлн теңге болған. Өткен жылдың 10 айында аталған қорға  4,4 трлн теңге келіп түсті, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында инвестициялық табыс 838,6 млрд теңгені құрады, осы кезеңде ұлттық қордан 3,7 трлн теңге алынды. Осылайша, өткен жылы осындай кезеңде, яғни 1 қарашада қордың активтері 27,4 трлн теңгені қамтыған болатын. 

Айта кетсек, осы аптада "2024-2026 жылдарғы республикалық бюджет туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасының мәтіні жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылды. Өзгеріс тек 2024 жылды қамтиды. Онда да басты өзгеріс Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт көлемін тағы 2,0 трлн теңгеге ұлғайтуды қарастырады, яғни 1,6 трлн теңгеден 3,6 трлн теңгеге дейін. Сарапшы 2 трлн теңге бюджет тапшылығын жабу үшін қолданылмақ екенін, бірақ бұл арада Бюджет кодексін бұзылып отырғанын айтып, сыни пікір білдірді.


Рекомендовать
Последние новости