Қаржы пирамидасына қатысы болған Шерниязов пен Төребаев бостандыққа шығуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 17 дек. 2024 14:08 1427

Сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов өздеріне тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Олар сотқа тиісті өтініштерін тапсырған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, материалдар шынымен аудандық сотқа қарауға жіберілген.

"Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру бойынша материал түсті. Өтінішті қарастыру жақын уақытта өтеді", – деп жауап берді соттың баспасөз қызметі редакцияның сауалына.

Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылған болатын.

Олардың әрқайсы бес жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл іс бойынша қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Қазан айының соңында сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязыов Павлодар колониясынан тұрғылықты мекенжайы бойынша Алматыға этаппен жеткізілгені белгілі болды.

ҚАЖК бұл жағдайды "Алматы қаласындағы мекемедегі ұсталатын адамдар лимитінің ұлғаюымен" түсіндірді.

Желтоқсан айының басында ҚАЖК сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязыовтың жұмысқа орналасқаны туралы хабарлады.


Рекомендовать
Последние новости