Қаңтарда археологты атып өлтірген полковниктің ісі сотта қаралып жатыр

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2024 11:43 730

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде археологты атып өлтірген деген күдікке ілінген полковниктің ісі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz Республика басылымына сілтеме жасап.   

Алматыда Алматы гарнизонының Әскери сотында судья Айдар Секеновтың төрағалығымен ҚР Ұлттық ұланының полковнигі Айтжан Аубакировқа қатысты сот басталды. 

Ол 2022 жылғы 6 қаңтарда қаруы жоқ және қолына кісен салынған әуесқой археолог Ерлан Жағыпаровты атып өлтірген деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу 2024 жылғы 6 тамызда аяқталған. Жәбірленуші тарап 26 томнан тұратын іс материалдарымен бір айдың ішінде танысып шықты.

Ал айыпталушы тарап іске төрт ай бойы, оның ішінде екі ай Ерлан Жағыпаровтың анасына тергеушілер қайтарған ұялы телефонының мазмұнын зерттеуге жұмсады.

Полковникке өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған, алайда жәбірленуші тарап істі «екі және одан да көп адамды өлтіру» бабына қайта квалификациялауға қол жеткізуді көздеп отыр. Ерлан Жағыпаровпен бірге тағы бір жас жігіттің де атылып өлтірілгені белгілі.


Рекомендовать
Последние новости