Жыл басынан бері көлемі 15 млн теңгеден басталатын депозиттер саны 19,2%-ға ұлғайды

Кәмшат Тілеухан 13 дек. 2024 14:13 1123

Жыл басынан бері жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері 2,3 триллион теңгеге, немесе 11,1%-ға өсті. Нәтиженсінде 2024 жылдың 1 қарашасына қарай, халықтың банктердегі салымдарының жалпы сомасы 22,6 трлн теңгеге жетті. Ал жеке тұлғалардың шоттарының саны осы кезең ішінде 9,7%-ға артты. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының "Жеке тұлғалардың депозит нарығы бойынша 2024 жылдың 10 айы ішіндегі үрдісі" туралы зерттеуінде айтылады, деп жазады Dalanews.kz.

Ұлттық банктің бірқалыпты қатал ақша-несие саясаты жағдайында банктердің теңгелік депозиттеріне қатысты ұсынған жоғары мөлшерлемелері бойынша сыйақалардың жинақталуы нарықтың өсуінің маңызды факторына айналды. Осылайша теңгелік депозиттер қазақстандықтар үшін пайдалы және сенімді қаржы құралы болып қалуда. Мұндай депозиттер халықтың уақытша артық ақшаларын да, ірі жинақ ақшаларын да тиімді және қауіпсіз орналастыруға мүмкіндік береді.   

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша:

  • орта сегмент – депозит нарығының ең тез дамып жатқан сегментіне айналды. Көлемі 15-тен 50 миллион теңгеге дейінгі салымдар 2024 жылдың 10 айы ішінде 19,2%-ға өсті;

  •  ірі сегмент – көлемі 50 млн теңгеден асатын салымдар – 12,9%-ға өсті;

  • бұқаралық сегмент – 15 млн теңгеге дейінгі салымдар – аз дәрежеге өсті + 7,3%.

Сонымен бірге бұқаралық сегмент әлі де депозит нарығының негізгі бөлігін құрайды – оның үлесі 49,5%. Орта және ірі сегменттердің үлесі сәйкесінше – 18,0% және 32,5%.

"10 айдың қорытындысы бойынша теңгелік жинақ салымдар ең жоғары өсімді көрсетті – +54%, немесе 1,5 есе, ал депозит нарығындағы үлесі 10,6%-ды құрады. Банктер дәстүрлі түрде бұл салымдарға қатысты, әсіресе толықтыру құқығы жоқ түрі бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін ұсынады. Айталық, 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімге ашылатын жинақ салымдар бойынша орташа өлшемді нарықтық мөлшерлеме қазан айын қоса алғанда 17,3%-ды, соңғы айын қоса алғанда 6-дан 12 айға дейінгі мерзімдер бойынша – 15,9%-ды, соңғы айын қоса алғанда 12 айдан 25 айға дейінгі мерзімдер үшін – 14,8%-ды құрады", делінген зерттеуде.

Салыстырып қарайтын болсақ, толықтыру құқығы бар жинақ депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлеме: соңғы айын қоса алғанда 1-ден 6 айға дейінгі мерзім бойынша – 14,9%, соңғы айын қоса алғанда 6-дан 12 айға дейін – 11,7%, соңғы айын қоса алғанда 12-ден 24 айға дейін – 7,7% болды.

Теңгедегі мерзімсіз депозиттер халық арасында сұранысқа ие болып қалуда – нарықтағы үлесі 45,9%. Салымшылар мұндай депозиттер бойынша кез кеген уақытта ақша алуға және үстінен ақша салу мүмкіндігіне ие. Сондықтан да олар бойынша табыстылық жинақ салымдарға қарағада төмен, бірақ инфляциядан біршама жоғары. Айталық, қазан айында нарықтық мөлшерлеме қазан айында 8,5%-дық инфляция аясында 13,9%-ды құрады.

"Депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелердің серпіні нарықтық факторлармен, сондай-ақ банк секторындағы ойыншылар арасындағы бәсекелестікпен анықталады", - дейді ҚДКБҚ.

Еске саламыз, ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін барлық банктер үшін белгілемейді. ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өтімділігін толықтыру үшін депозиттерді тартуда өктем саясат жүргізетін банктердің шектеулі санына ғана қолданылады.

Жалпы банк секторы бойынша, 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қазақстандық ақша нарығының басты индикаторы – Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі – банктер үшін депозиттер бойынша мөлшерлемелерді белгілеу кезінде арқа сүйер негізгі бағдар болып қалды. Айталық, биылғы жылдың алғашқы жартысында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендеу жағына қарай 4 рет қайта қарады (22 қаңтарда, 26 ақпанда, 3 маусымда және 15 шілдеде) – осыған байланысты банк салымдары бойынша нарықтық мөлшерлемелер де төмендеді. Үстіміздегі жылдың 2 желтоқсанында Ұлттық Банктің базалық мөшерлемесінің 1 пайыздық тармаққа көтерілуін ескерсек, кейбір банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді қайта қарауы мүмкін деп болжам жасауға болады.

"Мерзімді депозиттер және талап етілмелі салымдар нарығының үлесі шамалы ғана – 0,4%-ды құрайды. Сыйақысы мемлекет тарапынан субсидияланатын депозиттердің үлесі, мысалы, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 10,2%-ды құрады. Қазақстандықтар сондай-ақ қаражаттарының аздаған бөлігін теңгедегі ағымдық және карточкалық шоттарда (9,5%), қаражаттарының тағы бір бөлігін (23,4%) валюталық шоттарда сақтайды. Осылайша жинақ ақшалардың негізгі бөлігі табыстылықты және Қордың кепілдіктерін барынша көбейту үшін теңгелік салымдарда шоғырландырылған".  

Бұған дейін "Қаржыгер базалық мөлшерлемені төмендетейік деп жүргендерге сауатты түрде жауап қатты" деген мақала жазған болатынбыз. 

 


Рекомендовать
Последние новости