“Қаңтар оқиғасының” 7 қатысушысына сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 09 мар. 2024 15:18 4319

Алматы соты жеті азаматқа қатысты үкім шығарды. Оларға 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде билікті басып алуға ықпал етті деген айып тағылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қалалық сотының мәліметінше,  7 айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралған.

“Оларға жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, экстремистік топ құру және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау жолымен билікті басып алуға және ұстап қалуға жәрдемдескені үшін (182-баптың 2-бөлігі, 179-баптың 2-бөлігі) айып тағылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігі) айып тағылды.

Сот анықтағандай, сотталушылар А., К., Т., О., Н. және К 2022 жылы сәуірден қарашаға дейін көптеген кездесулерге қатысып, билікті күшпен басып алуға үгіттеп, жария түрде шақырып, ұйымдастыру мәселелерін талқылаған”, - деді Алматы соттарының баспасөз қызметі.

Прокурор барлық айыпталушыларды кінәлі деп тануын сұрады. Азамат И.-ға 3 жыл 4 айға, Т. мен А.-ға 15 жылға, қалған төрт айыпталушыға 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.

“Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері арнайы іс-шаралар нәтижелерімен, куәлардың айғақтарымен, хаттамалармен дәлелденді. Сонымен қатар олардан аса ірі көлемдегі қару-жарақ арсеналы, ірі көлемде дайындалған “Молотов коктейльдері», қару ретінде пайдалануға дайындалған арматура және басқа да құралдар табылды. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы И. өкінетінін айтып, қалған сотталушылардың алдында кінәсін мойындады” делінген баспасөз хабарламасында. 


Рекомендовать
Последние новости