Президент Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты

Dalanews 03 мар. 2024 12:09 2725

Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам дүниеден өтті. Танымал азаматтың қазасына орай Мемлекет басшысы Құттықадам отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

 


Рекомендовать
Последние новости