Президент сарбазды соққыға жыққандарды тауып, жазалауды талап етті

Жарбол Кентұлы 24 сент. 2024 21:23 928

Әлеуметтік желіде белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында соққыға жыққан видосы таралуда. ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктағы парақшасына бұл жағдаймен Мемлекет басшысының хабардар болғанын және құзырлы орындарға қоғамдық тәртіпті бұзғандарды тауып жазалауды тапсырғанын алға тартты.  

– Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.

 


Рекомендовать
Последние новости