Президент Қазақстан халқы ассамблеясында тағайындау жүргізді

Көркем Алдабергенова 17 апр. 2025 09:08 636

Президент Қазақстан халқы ассамблеясында тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президенттің өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. 

Ал бұл қызметті атқарған Лугмар Буларов және Юрий Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды. 

Еске салайық, 20 наурызда Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды.

Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.


Рекомендовать
Последние новости