Петропавлда түлектерге аттестат тапсыру кезінде мектеп төбесі опырылып түсті

Қаракөз Амантай 19 июн. 2025 11:42

18 маусымда Петропавл қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 мектепте аттестат тапсыру салтанаты барысында мәжіліс залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға кезінде залда шамамен жүзге жуық адам – мектеп түлектері, ата-аналар мен ұстаздар болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, шамамен 13 шаршы метр аумақтағы “армстронг” үлгісіндегі төбе тақталары төмен құлаған. Жағдайға қарамастан, мектеп ұжымы шұғыл шешім қабылдап, мерекелік жиынды мектеп ауласына көшіріп, жоспарланған сценарий бойынша жалғастырған.

Мектеп әкімшілігі мәжіліс залына соңғы 20 жылда күрделі жөндеу жүргізілмегенін мойындады. Қазір оқиға орнына арнайы мамандар тартылып, төбе құлауының нақты себебі анықталып жатыр. Тексеру аяқталған соң ресми қорытынды жасалып, қалпына келтіру шаралары қолға алынбақ.


Рекомендовать
Последние новости