Өзбекстан да Конституциясына өзгерістер енгізбекші

Dalanews 17 мая 2022 03:05 820

Өзбекстан либерал-демократиялық партиясының парламенттегі фракциясы Конституцияға өзгеріс енгізу жұмысын бастауды ұсынды. Бұл мәселе фракцияның 16 мамырдағы отырысында талқыланды.

Партияның ресми сайтында хабарланғандай, фракция жиналысында президенттің конституциялық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі пікірі сөз болды.

Өзбекстандағы реформалардан соң Конституцияға өзгеріс енгізу қажеттігі туындады, делінген ресми мәлімдемеде.

Өзбекстанның 1992 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған Конституциясы 16 мәрте өзгерді. Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін де Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, 2017 жылы сот жүйесін жетілдіру жөнінде түзету енгізілсе, 2019 жылы «үкімет пен оның есеп беруі» жөнінде жаңа ереже қосылды.

Шавкат Мирзияев 2021 жылы қайта сайланған соң конституциялық реформалар қажет екенін тағы мәлімдеген.

Қонаев парақшасына жазылыңыз




 

Рекомендовать
Последние новости