Өзбекстан инсулин шығаратын тағы бір зауыт салуды көздеп отыр

Dalanews 17 мая 2022 02:54 993

Өзбекстан Үкіметі елде инсулин шығаратын тағы бір ірі зауыт салынатынын жария етті. Зауыт ресейлік инвесторлардың қаражатына салынады.

Сәуір айының аяғында өзбекстандық «ZUMA-PHARMA» компаниясы мен ресейлік «Герофарм» компаниясы инсулин өндірісі туралы келісімге отырған.

Ресми мәліметке қарағанда, қазір зауыт құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алайда зауыт қайда және қашан салынатыны әзірге белгісіз.

Осы зауыт салынса, онда Өзбекстанда инсулин шығаратын екі кәсіпорын болады. 2018 жылы Әндіжанда салынған зауыт әлі қосылған жоқ. Ол – Орталық Азияда инсулин шығаратын жалғыз кәсіпорын.


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда 245 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады. Республикада инсулин науқастарға мемлекет бағдарламасы аясында тегін беріледі.

 

Рекомендовать
Последние новости