ОТЫРАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Dalanews 26 авг. 2023 11:17 1130

Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі және «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен, қазақ өркениетінің алтын діңгегі, көне өркениет ошағы – Отырарда «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР» тақырыбындағы Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті.

Туыстас халықтар арасын жақындата түсетін, ынтымағын нығайтатын, дәстүрлі өнерін ұштастыратын Халықаралық жәрмеңкенің шымылдығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Мұханов Талғат Набидоллаұлы және Отырар ауданының әкімі Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы ашып беріп, ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапына ыстық ықыласын білдіріп, сәттілік тіледі.



Жәрмеңкенің қадірлі қонағы ретінде шақырылған Қылует музейінің директоры, Қазақстан Суретшілер және Дизайнерлер мүшесі, Халықаралық Аманат сыйлығының иегері Кендебай Қарабдалов пен Тынық мұхиты Орталық Азия қолөнершілер кеңесінің Вице президенті, «Біздің мұра» қоғамдық қорының Президенті, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Бекқұлова Айжан Абдыманапқызына құттықтау сөз беріліп, Халықаралық жәрмеңкеге келген қонақтар мен қатысушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Ашылу салтанатынан кейін әділқазылар алқасы таныстырылды. Халықаралық жәрмеңкеде:

Тынық мұхиты - Орталық Азия қолөнершілер кеңесінің Вице президенті, «Біздің мұра» қоғамдық қорының Президенті, Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы Бекқұлова Айжан Абдыманапқызы қазылар алқасының төрағасы болса,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, музей ісінің ардагері Бекталиева Рыскүл Іскендірқызы

Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Мұханов Талғат Набидоллаұлы

Тұран-қазақ суретшілер консолидациясының мүшесі, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», белгілі суретші Мәлік Әділхан Табылханұлы қазылар алқасының мүшелері атанды.

Шара барысында, әділқазылар алқасы Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан мемлекеттері мен Еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 50-ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберлерінің қолөнер бұйымдарымен танысты.

Халықаралық жәрмеңке 2023 жылғы 26-тамыз 18.00-ге дейін жалғасып, қолөнер шеберлерінің озық үлгідегі туындылары әділ қазылардың шешімімен сараланып, үздік деп танылған қолөнер шеберлеріне жабылу салтанатында арнайы тағайындалған жүлделер табысталатын болады.

Рекомендовать
Последние новости