Өскемендіктер Наурыз мейрамын қалай қарсы алып жатыр?

Dalanews 18 мар. 2024 07:41 3623

Ұлыстың үлы күнін шығысқазақстандықтар ағымдағы жылы кең көлемді шаралардың өтуімен қарсы алып жатыр.

Наурыздың 13-інде мерекеге орай онкүндік жарияланып, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған 600-ға жуық мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.



Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.
- Наурыз мерекесінің өту барысы да өзге шаралардай еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Мерекені атап өтудегі басты мақсат, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға арналған 600-ға жуық шара өтеді, - деді Жақсылық Омар.



Мерекелік шаралар легі 13 наурызда «Ырыс күні» желеуімен ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкелер мен концерттік бағдарламалар өтуімен басталды.

14 наурызда «Дәстүр күні» атты ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлердің қатысуымен кездесулер өтті.

Ал 15 наурыз күні, «Жаңғыру күні» аймақ перзентханаларында салтанатты түрде туу туралы куәліктер табысталады.

Наурыздың 16-шы жұлдызында «Көктем шуағы» атауымен түрлі флеш-мобтар, жасөспірімдер қатысуымен концерттер өтті.

17 наурыз, «Қамқорлық күнінде» жастар қауымы тыл, еңбек және соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.

Ал бүгін, 18 наурыз  «Жаңару күнінде» қала тұрғындары сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды қалыпқа келтіру жоспарланып отыр.

19 наурызда «Жарасым күні», білім ордаларында үздік шығармалар мен өлеңдер арасында байқау жарияланып, кітапханаларда Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыратын әдеби кештер өтеді.

20 наурыз «Қуаныш күнінде» қаланың орталық көшелері, денсаулық сақтау, білім, орындарының мекемелері әрлендіріледі.

21 наурызда «Шаттық күні», ән, би байқаулары, айтыс өтіп, түрлі шығармашылық қайраткерлерімен кездесулер өтеді.

Ал 22 наурызда «Ұлыс күнінде» негізгі мерекелік шаралар: көкпар, күрес, қызқуу сынды ойындар, «Ең үздік киіз үй» байқауы сынды сайыстар мен түрлі байқаулар өтеді.

 

 


Рекомендовать
Последние новости