Өскеменде волейболдан Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Dalanews 31 мая 2017 15:37 922

Өскеменде волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия Чемпионаты өз соңына жетті. Азия континентінен 8 команда қатысқан чемпионатта Тайланд командасы жеңіске жетті.

Финалдық ойында тайландтық "Суприм Чонбури" командасымен кездескен жапондық волейболшы қыздар жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші орын Қытайдың  "Тяньцзинь Бохай Банк" командасының еншісінде. Чемпионатта ел намысын қорғаған «Алтай» командасы төртінші орын иеленді.

Бірнеше күнге созылған тартысты ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ШҚО әкімі Даниал Ахметов марапттап, келер маусымдағы ойындарға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, Азия Чемпионатына екінші рет қатысып отырған «Алтай» командасының ойыншылары да бірқатар номинацияларға ие болды. Соның ішінде команда капитаны Инна Матвеева «Үздік шабуылдаушы», Кристина Аниконова «Үздік қорғаушы» атанса, Сана Анарқұлова «Ең танымал ойыншы» номинациясына лайықталды.


Рекомендовать
Последние новости