Өскеменде әуесқой хоккейшілердің турнирі аяқталды

Dalanews 04 апр. 2016 01:03 815

ШҚО-да 2 күнге созылған әуесқой хоккейшілер арасындағы Е.Паладьев атындағы IV турнир өз соңына жетті. Аймақтың барлық аудан-қалаларынан жиналған командалар сайысқан турнирде биылғы жылы бірінші рет қатысып отырған «Торнадо» хоккей командасы жеңіске жетті.

Аталмыш команда құрамына Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің бірқатар қызметкерлері енген. Ал команданы мұз айдынына ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастап шыққан.

– Мұз айдынындағ қарсыластарымыз өте мықты болды. Биылғы жылы бірінші рет қатысып отырғандықтан, командамен өте қарқынды дайындалып, алдымызға жеңеміз деген мақсат қойық, – деді Жақсылық Омар.

8 командадан іріктеліп, шешуші ойынға «Торнадо» және Глубокое ауданының командасы шығып, «торнадолықтар» 6:5 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші орынды Өскемен қаласының «Өскемен-пласт» командасы иеленді.

Рекомендовать
Последние новости