Қарабақ жанжалы: Назарбаев не істейді?

Dalanews 04 апр. 2016 00:42 914

ҚАРАБАҚТАҒЫ ЖАҒДАЙДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЫНТЫМАҒЫН СЫНҒА ТҮСПЕК



Осы сенбіде  Әзірбайжан мен Армения  арасындағы Таулы Қарабақ дауы қайта тұтатанып, қарулы қақтығыстар орын алды. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметеріне сүйенсек,  Армения бірінші болып, Халықаралық бейбітшілік келісімдерін бұзған. 2 сәуір күні екі тарап арасындағы ұзақ жылдарғы жанжал қайта тұтанып, әскери соғыс шаралары басталған.

Кешегі қақтығыстар кезінде Армения қарулы күштерінің 6 танкісі, 15 артелериялық қондырғысы және инжинерлік жабдықтар жойылып, 100-ден астам әскері жарақат алған және 18 сарбазы көз жұмған.



(Таулы Қарабақтағы қақтығыстар)

Ал Әзірбайжан армиясы Армения шабуылдарына қарсы  қайта соққы жүргізген. 12 әзірбайжандық сарбаз көз жұмып, 1 танкі істен шыққан және Ми-24 тікұшағын Армения ҚК-і атып түсірген.

2 сәуірдегі Армения ҚК-нің провакациялық шабуылдарынан кейін  Әзірбайжан контр-операция жүргізген. Екі мемлекет арасындағы әскери  қақтығыстар Қарабақтағы Агдере-Тертер-Агдам және Ходжавенд-Физули жерлерінде жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Әзірбайжан Қарулы күштері  Талыш елді-мекенін Армения әскерінен азат еткен. Сондай-ақ, шабуылдар Геренбой ауданы мен Нафталан қаласында және Сейсұлан елді-мекенінде де болған.

Әрізбайжандық БАҚ-тың мәлеметтерінде дәл қазір аталмыш елді-мекендерде әскери соғыс режімі енгізіліп,  қарулы қақтығыстардың екінші кезеңіне дайындықтар жүргізіліп жатқыны айтылады.

Оңтүстік-кавказдық екі мемлекет арасындағы жанжалдар 1988 жылдан бері жалғасып келеді. Таулы Қарабақ пен оның құрамына кіретін жеті аудан (бұл Әрізбайжан территориясының 20 пайызын құрайды – Ред.) Армения ҚК-нің   оккупациясында.

Ал 1994-жылдың мамырында екі тарап қарулы қақтығыстарды доғару және мәселені бейбіт жолмен шешу туралы келісімдерген келген. Содан бері, ЕҚЫҰ-ның  Минск тобына мүше Ресей, Франция және АҚШ арасында келіссөздер жүргізіліп келеді. Әзірге бұл кезіссөздердің ешбірінің нақты нәтижесі жоқ.

Армения оккупациялаған Таулы Қарабақ территориясын Әзірбайжанға қайтарып беру туралы БҰҰ-ның 4 резолюциясын Серж Саргосян басқаратын мемлекет әлі орындамаған.

Ресейлік «gazeta.ru» басылымының деректерінде Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Қарабақ аумағанда қарулы қақтығыстарға жол бермеу туралы бейбіт келісімдерді  Армения ҚК 130 рет бұзғандығын айтқаны жазылған.



(суретте Әзірбайжан ҚК-нің баспасөз қызметінің басшысы Вагиф Дяргахлы)

«Армения ҚК қазір аталмыш аумақта 60, 82 және 120 миллиметрлік минометтер мен үлкен колибрлі пулеметтер қолданып жатыр»,-дейді Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Вагиф Дяргахлы. Сондай-ақ, Дяргахлы мырза 200-ге жуық әзірбайжандық сарбаздың көз жұмғанын теріске шығарған.

Ал Армения Президенті Серж Саргосян мырза, 18 армян сарбазының Қарабақтағы қақтығыстар кезінде опат болғанын растаған. Бұл туралы ресейлік «vesti.ru» сайты жазады.



(суретте Армения Президенті Серж Саргсян)

Саргосян мырзаның айтуынша, Әзірбайжан ҚК Қарабақ аумағында танкі және ауыр артелерияны қолданған.

Әзірбайжандық «Oxu.az» сайтының хабарлауынша, Қарабақтағы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Армения тарабы Минкс келісімдерін бұзғанын және БҰҰ территориялық тұтастық туралы шешімін орындамай отырғанын айтқан.



(суретте Әзірбайжан және Түркия Президенттері - Әлиев және Ердоған)

«Өкінішке орай, Армения оккупациялаған Қарабақ жерін қайтарып беру үшін бірнеше талаптар қойып отыр. Біз барынша бейбіт жолмен мәселені шешуге бар күшімізді салдық. Біз Әзірбайжанның территориялық тұтастығын сақтап қалу үшін бәріне дайынбыз. БҰҰ  осыдан 20 жыл бұрын, Қарабақты қайтарып беру туралы 4 резолюция қабылдады. Армения осыларды әлі күнге дейін орындаған жоқ»,-дейді Әлиев мырза.

«Нaqqin.az» сайтының мәліметеріне сүйенсек, екі тарап арасындағы жанжалдың қайта тұтатуына күні кеше ғана АҚШ-та өткен антиядролық саммит себепкер болған. Әлиев пен Саргосян қатар қатысқан саммитте Әзірбайжан Президенті Арменияның БҰҰ шешімін орындаудан бас тартып отырғанын ашық айтып, айыптаған. Осыдан кейін Саргосян өзінің Қорғаныс Министрімен кеңес өткізген. Ал екінші күні Қарабақта қақтығыстар орын алған.

Тағы бір әзірбайжандық «trend.az» сайтының жазуынша, Таулы Қарабақтағы қақтығыстардың қайта тұтануына  Түркия Президенті Тайып Ердоған мен Әлиевтің кездесуі себепкер болуы мүмкін.

Ердоғанның Әлиевпен туыстық қарым-қатынаста екенін және Ердоғанның Әзірбайжанға жылы қарайтынын БАҚ біраздан бері айтып-ақ, келеді. Тіпті түркі жұртының ортақ армиясын құру туралы идеяны ұсынған Ердоған өз кезегінде Түркия мен Әзірбайжан әскер біріктіретінін айтқан еді.

Түркиялық «Anadolu.tr» басылымының хабарлауынша, Қарабақтағы қақтығыстарға қатысты Түркия Президенты Әлиевке арнайы хабарласып, көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізген. Бұл ақпаратты Әзірбайжан Президентінің баспасөз қызметі де растап отыр.

«Мinval.az» агенттігінің хабарлауынша, қазір Пәкістан Республикасы арнайы телеграмма жолдап, Таулы  Қарабақ жанжалына байланысты Әзірбайжанға әскери көмек көрсетуге дайын екендігін білдірген.

Қарабақ жанжалы кімдерге пайдалы?
Дәл осы тақырыпта болжам жасау қиын болғанымен, Қарабақ жанжалы кімдерге тиімді? Бажайлап көрсек, бұл соғыс бірінші кезекте Владимир Путинге пайдалы. Өткен жолғы Түркия мен арада болған Су-24 ұшағына қатысты оқиғада Әзірбайжан Анкараның позициясын ашық қолдаған еді. Әрине, Кремль қожайыны бұған тиісінше жауап қайтаруы керек-тін. Сонықтан Путин Түркияға кеткен есесін Әлиев арқылы алуды жөн көреді. Ердоғанға тікелей соғыс аша алмағандықтан, Арменияны қот-қоттап, Әзірбайжанға қарсы қоюы да мүмкін. Себебі, Армения ЕАЭО-ға мүше, христиандық Ресейдің форпосты.



Екіншіден, АҚШ пен Ресей арасындағы бәсекелестікте, Ресей тағы бір мәрте жеңіліс тапқан еді. Сириядағы жанжалдарды бейбіт жолмен шешуде АҚШ дипломатиясы жеңіске жетіп, Ресей Асад елінен өз әскерін қайтарып алғаны белгілі. Демек, Қарабақ жанжалын қайта өршіту арқылы Кремль реванш алуды көздейді.

Сценарий сол баяғы, Армения Қарабақта провокация жасайды, нәтижесінде бірнеше бейбіт тұрғын қаза болады. Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжал күшейген тұста Мәскеу  арағайындық жасап, әскерін кіргізу арқылы жағдайды реттеуші рөлге ие болады.

Сол сол-ақ, екен, Әлиев Вашингтонда антиядролық кеңесте жүрген кезде Армения провокация жасады. Алайда Путин үлкен сенім білдірген Армения Қарулы күштері алғашқы шайқаста-ақ, жеңіліп қалды. Арменияның Қарабақта 20 жыл бойы құрған әскери күші Әзірбайжанның бірінші шабуылына төтеп бере алмады.

Саргосян ақырында өзінің мәскеулік қожайынынан көмек сұрады. Әзірбайжан алғашқы жеңісін тойлап жатқанда РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бірінші болып, одан кейін РФ СІМ  Сергей Лавров бар, ақырында РФ Президенті Путиннің өзі телефон соғып, тараптарды соғысты тоқтатуға шақырды.

Бұл жерде ресейлік БАҚ-тың да рөлі басым еді. Қарабақ жанжалы қайта тұтанған сенбінің түнінде  ресейлік БАҚ Қарабақта жүрген еді (қандай жолмен және қалай соғыс ошағында ресейлік БАҚ жетті белгісіз). Дизинформациялық саясатты жақсы ұстанған ресейлік БАҚ ресейлік пропоганданы насихаттауға кірісті. Дәлірек айтсақ, Қарабақтағы қақтығыстарға АҚШ пен Ердоғанды кінәлау басталды. Бұл өз кезегінде Украина дағдарысын еске түсіреді.

Ал провокаторлық жасап, жанжалды тұтандырған Армения алғашқы жеңілістен кейін Халықаралық қауымдастыққа шағымданып, Әзірбайжандық агрессияны доғаруды талап етті. Алайда Саргосян мырза соғыстың Әзірбайжан территориясында жүріп жатқанын ескермеген болса керек. Ал Әзірбайжанның мемлекеттік территориясында Армения армиясы қайдан жүр? Тағы бір пародокс.

Қарабаққа қатысты Керри не деді?

Вашингтондағы Әлиев пен АҚШ мемхатшысы Джон Керридің кездесуінде (антиядролық саммит аясында) Қарабақ мәселесі де сөз болған. Онда Таулы Қарабаққа қатысты АҚШ Әзірбайжанды қолдайтынын және мәселенің бейбіт жолмен шешілуіне күш салатынын жеткізген.



(коллаж - Вашингтонда кездескен екі Президент Барак Обаманың қасында)

«Біз Таулы Қарабақтағы мәселенің тез арада және бейбіт жолмен шешілуін қалаймыз. Қарабақтағы жағдайларды  және Әзірбайжаның территориялық тұтастығын сақтау үшін бірінші кезекте келіссөздер жүргізілуі керек»,-дейді Керри.

Германия кімді қолдайды?

Неміс Бундестагының депутаты Марк Гауптман Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға қатысты мәлімдеме жасап, Әзірбайжанға қолдау көрсететіні айтты.

«Гермения және ЕО Арменияның Таулы Қарабақты оккупациялауын заңсыз деп таниды. Минск тобының келісімдеріне сәйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропа кеңесінің шешімін Армения тез арада орындауы тиіс»,-деді.

ОА елдері және Қазақстан неге үнсіз?

Қазіргі таңда Таулы Қарабақтағы жанжалдарға қатысты Әзірбайжанның позициясын қолдап, Арменияны басуға шақырған мемлекеттер мен Халықаралық ұйымдар мыралар болды:  Түркия, Германия, Пәкістан, Грузия Әзірбайжанға әскери көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізсе,  Иран, Латвия, АҚШ және НАТО соғысты тоқтатуға шақырған.  Сонымен қатар, Франция, Украина, Ресей Президенттері Қарабақтағы жанжалдарға қатысты пікір білдірсе, одақтасымыз Белорусия Президенті Александр Лукашенко Әзірбайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, соғысты тоқтатуға шақырған.



Қарабақтағы жанжалдардан кейін НАТО, ЕО, Еуропа кеңесі және БҰҰ басшылары да шұғыл кеңес өткізіп, қарулы соғысқа жол бермеудің, территориялық дауды бейбіт жолмен шешудің жолын іздестірген.

Орта Азиядағы түркі мемлекеттері Әзірбайжанға көмектесуге қауқарсыз болғандықтан әзірге үнсіздік танытуда. Осыған дейін Түркіменстан Президенті Бердімұхамедов Әзірбайжанды қолдайды деген ақпараттың жалған екендігін айтып, ақталып үлгерген.

Ал 2014 жылы Армения Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін кезде, Қазақстан Президенті Арменияның окупациялаған территориясы – Қарабақ Армения құрамына кірмейтінін айтып, Әзірбайжанның территориялық тұтастығын қолдайтынын білдірген. Тіпті, Назарбаев ол кезде Саргосянға ультиматум қойып, егер ЕАЭО-ға мүше болғысы келсе, Қарабақты Әзірбайжанға қайтарып беруі керек екендігін айтқан еді.

https://www.youtube.com/watch?v=9FdoyuYHqxY

Қазір қазақ Президенті Кубада ресми іс-сапармен жүргендіктен Қарабақтағы қақтығыстарға қатысты қандай да бір мәлімдеме жасамаған.

Ал Қырғызстан осыған дейін Түркиядан гөрі Путиннің интеграциясына ынтықтығын байқатқан.

Сондықтан, Қарабақтағы жағдайда түркі жұртының ынтымағы сынға түсетінін тағы рас.

https://www.youtube.com/watch?v=uW3PoORrmK4

https://www.youtube.com/watch?v=GZVbJjXtPc4

https://www.youtube.com/watch?v=OSLpW_Sppmw

(Қарабақтағы қазіргі жағдай)

Нұргелді Әбдіғаниұлы


Abai.kz


Рекомендовать
Последние новости