Өскемен тұрғыны қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 12 сент. 2025 10:07

Өскеменде әйел Telegram желісінде қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот дерегінше, ол «N» қорының қызметін таныстыратын бейнематериалдар мен слайдтарды топқа жариялап отырған.

Сот процесінде азаматша өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша, өзі 2023 жылдан бері Люксембургте тіркелген «N» қорының инвесторы болып табылады және қор сол елдің заңнамасына сай әрекет етеді. Ол ешкімді қорға тартпағанын, жарнама жасамағанын, тек дайын слайдтарды оқып, ақпаратты өзгелерге түсіндіргенін жеткізді.

Алайда сот іс материалдары мен ұсынылған дәлелдерді сараптай келе, азаматшаны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 387 660 теңге айыппұл салынып, үш ай мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану құқығынан шектелді.

Апелляциялық шағым қаралып, үкім өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости