Осыдан 30 жыл бұрын ғарышкер Талғат Мұсабаев Қазақстаның Туын ғарышқа алып ұшқанын білеміз бе?

Асхат Қойшығараұлы 26 сент. 2024 13:20 3805

Мемлекеттік рәміздер үштігінде, әдетте ең танымалы Ту болып саналады. Бұл дүние жүзіндегі кез келген елде осындай, осылай болғаны да дұрыс шығар. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін келесі 1992 жылы өзінің төл Туын айшықтап, көтерді. Бір қызығы, мемлекеттік рәміздердің үздік дизайнына байқау жарияланғанда Тудың жобасына ең көп ұсыныс – 453 эскиз бен 142 жазбаша сипаттама түсті. Нәтижесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков ұсынған нұсқа – алтын күн, қалықтаған қыран және ұлттық ою-өрнектер бейнеленген көк түсті Ту таңдалды.

Туда қолданылатын әрбір геральдикалық рәміздің және түстің түсіндірмесі сияқты ресми сипаттамасын да қазақстандық әрбір буын білетін шығар. Көк түс – шексіз Ұлы даланың ашық аспанының, ел бірлігінің, адалдық пен намыстың белгісі. Дән тәрізді сәулелері бар күн – байлық пен молшылықтың белгісі, көк түс – бейбітшілік пен жалпы адамзаттық құндылықтарға берілгендіктің белгісі. Бүркіт – еркіндік, тәуелсіздік, күш пен биік мақсаттарға ұмтылуды аңғартады. Ұлттық ою-өрнек дегеніміз – Қазақстан халқының көне тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген құрмет.

«Біздің көк байрағымыз стильдік жағынан мінсіз және ең бастысы, еліміздің бірегейлігі мен мұраттарын айқын көрсетеді деп есептеймін», - деп атап көрсетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Ту – дүние жүзіндегі бір елдің визит карточкасы, мемлекет өміріндегі маңызды оқиғаларда ілесіп жүретін, азаматтардың күнделікті өмірінде ең көп қолданылатын бейнесі мен символы. Осындай тарихи оқиғалардың бірі 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшқанда болды. Және ол өзімен бірге жуырда ғана қабылданған Қазақстанның Туын, еліміздің тұңғыш Конституциясы мен Құранды алып кетті. Бір қызығы, оған дейін ғарышкерлер мұндай есте қалатын символикалық заттарды өздерімен бірге ала алмаған.

Талғат Мұсабаев ғарышқа тағы екі рет – 1998 және 2001 жылдары ұшты және оны орбитаға әр сапарында ел туы алып жүрді. Дәстүрді, айтпақшы, оның «ізбасары» жалғастырды: ғарышкер Айдын Айымбетов те өзімен бірге мемлекеттік туды алып ұшты.

Ғарыш, әрине, шыңдардың шыңы. Дегенмен, жер бетінде Қазақстанның Туы бірнеше рет ең көрнекті биіктерге көтерілді. Біздің көк Туымыз Эвересттің шыңына бірнеше рет тігілген. Әлемдегі ең биік және ең қиын шыңдардың біріне алғаш рет 1997 жылы көтерілсе, жақында бұл ерлік алғаш рет қазақстандық альпинист Анар Бурашеваның қолынан келді. Кейін ол Эверестке көтерілу кезінде өзімен бірге барып-келген Туды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс етті.

Қазақстанның Туы дүние жүзіндегі басқа да талай шыңдардың ең биігінде желбіреді. Соның ішінде ол Оңтүстік Америкадағы ең биік жанартау Охос-дель-Саладодан жоғары көтерілді. Біздің туымыз Қарақорым Чогори (әйгілі К-2, ең солтүстік сегіз мыңдық), Килиманджаро және МакКинли шыңдарында (Солтүстік Американың ең биік тауы) болды. Өткен жылы БАӘ Тәуелсіздік күніне Дубайдағы Бурдж-Халифа мұнарасын – әлемдегі ең биік ғимаратты Қазақстанның Туының бейнесімен безендіріп, ерекше сыйлық жасады.

Елордамыз – Астана қаласында орналасқан еліміздің ең үлкен Туы 450 шаршы метрді құрайды. Онымен бірге ту тұғыры 2009 жылы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені жанындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында орнатылды. Үлкен Ту 111 м биіктікте желбіреп тұр, сондықтан оны қаланың кез келген жерінен көруге болады. Ту жылдар бойы сақталады; ол ауа райы нашар болған жағдайда (қатты жаңбыр, жел, боран) төмен түсіріледі.

Бұлар, былайша айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы «бағындырған» физикалық шыңдар. Бірақ Туымыз еліміздің сан саладағы барлық жетістіктерін сүйемелдейтінін ұмытпауымыз керек. Мәселен, Қазақстанның 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері жанында көк туымыз бейнеленген тудың тұғырын орнатумен қатар жүрді. Біздің Туды әлем астаналарының көшелерінен жиі кездестіруге болады, мұны Қазақстанның сыртқы саясатының табыстылығының дәлелі ретінде түйсінуімізге болады, соның арқасында мемлекетіміз дүние жүзіндегі серіктестермен сындарлы және достық қарым-қатынас орнатты.

Қазақстанның Туы отандық спортшылардың жеңістерін айғақтайтын ірі спорттық жарыстардың, соның ішінде дүниежүзілік Олимпиаданың тұғырынан әлденеше рет көтерілді. Айтпақшы, Олимпиада ойындарында алғаш рет көк байрағымыз 1992 жылы желбіреді: палуан Дәулет Тұрлыханов Барселонада өткен жазғы ойындардың ашылу салтанатында Қазақстан туын алғаш рет әлем жұртшылығына таныстырды.

Қазақстандықтар өз Туын тек ресми мемлекеттік рәміз деп қана түсінбейді, сонымен қатар өз еліне, халқына тиесілігінің белгісі ретінде біледі, өз туына деген мақтаныш пен құрметтің маңыздылығын ұғынады. Ту қай-қайсымыз да шалғайда жүрсек, Отанымызға, елімізге деген сағыныш, патриотизм сезімдерін ұялатады. Қазақстандықтардың басқа елге, тау шыңына немесе ғарыш станциясына саяхатқа шыққанда туған аспанның осы бір бөлігін алып кетуді ұнататыны да сондықтан.


Рекомендовать
Последние новости