Өрттен зардап шеккендерге қаржат жинау аяқталды, алаяқтарға алданып қалмаңыздар – "Ақ Ертіс" қоғамдық қоры

Dalanews 17 июн. 2023 03:06 881

"Ақ Ертіс" қоғамдық қоры Абай облысының Бородулиха ауданындағы ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қаражат жинау және гуманитарлық көмек көрсету үшін қол ұшын созған еліміздің барлық тұрғынына үлкен алғыс айтып, оларға қаржат жинау тоқтағанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Барлық қазақстандықтардың бірігуінің арқасында бірнеше күн ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына жан-жақты көмек көрсету үшін жеткілікті қаражат жиналды.

Сондықтан, алаяқтардың қандай да бір алыпсатарлық әрекеттерін болдырмау үшін "Ақ Ертіс" қоғамдық қорының жоғарыда аталған мақсаттарға қаражат жинауы АЯҚТАЛҒАНЫ туралы хабарлаймыз.


Жиналған қаражатты бөлу кезінде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті комиссиялармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қор көмек көрсетуде бірыңғай тәсілді әзірлейтін болады, – дейді "Ақ Ертіс" қоғамдық қорының өкілдері.

Рекомендовать
Последние новости