Орыс пен өзбектің көлігімен авария болсаң аман қалмайсың! Оны ойлаған Үкімет бар ма?

Dalanews 24 авг. 2023 07:50 1315

Қазір әр жерде жол көлік апаты орын алып, бірнеше адамның мерт болғанын жиі еститін болдық. Міне, бүгін Қызылордада Газель мен Nexia соғысып, 5 адам ажал құшып, 3 адам жедел ауруханаға жеткізілген.

Иә, жол көлік апаты жүргізушілердің салғырттығынан орын алады. Бірақ бәріне жүргізушілерді кінәлауға болмайды. Қазір тепсе темір үзетін жігіттер екі қолға бір жібі түзу жұмыс таппай, салдырлаған орыс пен өзбектің көлігін мініп таксишылық қылып жүргені жасырын емес.

Бұл ретте елімізде не дұрыс өндіріс орынын құрып, не елге сапалы, жайлы көлік әкелудің реттей алмаған Үкіметтің кінәсі таудай.

30 жылдан бері «зауыт, фабрикалар қашан салынады» деп айта-айта  жағымыз талды. Оны тағы қайталаудың жөні жоқ.

Ал жібі түзу көліктерді елге кіргізуге болады ғой. Біздің Үкімет неге соны істемейді?

Мына Еуразиялық Одақ деген басымызға сор болады. Елге бір затты кіргізіп, не шығаратын болсақ орыстармен ақылдасып, кеңесетін болдық.


Смайлов Үкіметі: «Халық сапасыз көлік мініп, күре жолдың бойынша қынадай қырылып жатыр. Басты ауыртпаңдар, біз утильалымды төмендетіп, елге көлік кіргізуді жеңілдетеміз» деп неге мінез көрсетпейді?

Шенділердің Еуразиялық одақтың жиындарында дауласып, халықтың мүддесін қорғап қызыл кеңірдек болып айтысып жатқанын көрмедік. Бәрін бас шұлғып, көне кетеді. Ал оның зардабын халық тартуда.

Егер халық неміс пен жапонның сапалы көліктерін мінсе, барар жеріне шаршамай жетіп, алашапқын болмас еді ғой. Саплы көлік жол апаты кезінде адамның да өмір сақтап қалады емес пе? Соны Үкімет неге ойламайды? Ал Nexia мен Лада гранталар қалбыр секілді драндулет қой.

Нұрлан ӘУБӘКІР

Рекомендовать
Последние новости