Оңтүстіктің 20 елдімекенде қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталады

Dalanews 04 янв. 2018 05:21 701

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тікелей бастамасы бойынша биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынатын тұрғын үйлер өңірдегі тоғыз ауданның 20 елді мекенінде бой көтеретін болады.

Он пәтерден болатын екі қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлердің құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мақсаттағы тұрғын үйлерге облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Аталған баспаналар мұғалімдер мен медицина және жергілікті полияция қызметкерлеріне, тағы басқа да бюджет саласында еңбек ететін азаматтарға үлестірілмек.

Еске салсақ, өткен жылы аймақ басшысы жаңа оқу жылы басталған уақытта мұғалімдер мен медицина саласының қызметкерлерін қызметтік пәтермен қамту үшін барлық аудан, қалалардан типтік үлгідегі тұрғын үйлер салуды қолға алуды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді құрылыс басқармасына жүктеген.

Бүгінде жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер аудан мен қаладағы 20 елді мекенде, яғни, Түлкібаста – 3, Төлебиде – 1, Түлкібас– 2, Бәйдібек – 2, Шардара – 2, Созақта – 2 және Арыста – 2, Кентауда – 3, Түркістанда – 3-еуі салынады.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости