Өңірлік университеттер аймақты дамытатын инновациялық орталыққа айналып келеді

Жарбол Кентұлы 25 сент. 2024 09:11 3172

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен еліміздегі өңірлік университеттердің дамуы – білім мен ғылымның маңызды жүйесі ретінде танылып, үлкен өзгерісті бастан өткерді. Осы ретте Dalanews.kz ақпараттық агенттігі облыс орталықтарындағы оқу орындардың өсіп-өркендеуіне қандай маңызды факторлар әсер еткеніне талдау жасаған еді. Енді соған назар аударсаңыздар.

Бұл ретте бірінші кезекте ҚР Ғылым және жоғарығы оқу орындар министрлігі құрылып, жүйе жаңғырды. Бұдан кейін министрлік университеттерге академиялық еркіндікті кеңейту бағытында реформаларды батыл жүргізгенін айрықша атап айтуға болады. Осы реформаның арқасында өңірлік университеттер өз бағдарламаларын ешкімге жалтақтмай әзірлеп, оқыту ісі халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік алды десек болады.

Осы үрдістің арқасында оқу орындары студенттерге қажетті мамандықтар мен пәндер бойынша икемді оқу жоспарларын құратын мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар өңірлік университеттерді дамыту бағдарламалары аясында өздерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөліп, ғылым саласында бәсекені күшейткенін айта кетуіміз керек.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін еліміздегі өңірлік университеттердің материалдық базасын нығайту көңіл бөліне бастады. Жаңа талап бойынша облыс орталықтарында орналасқан оқу орындары заман талабына сай білім беруге, техникалық, ғылыми инфрақұрылымды ұдайы жаңартуға мүдделі бола бастады.

Осы ретте университеттердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы қолға алған жұмыстарға аз-кем тоқтала кетсек. Қазіргі таңда өңірлік университеттерде зертханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау – материалдық базаны нығайту өзекті мәселелірдің біріне айналуда. Көптеген оқу орындарында қазір физика, химия, биология, инженерия, және IT салалары бойынша зертханалар ашқанын атап айтуға болады. Мәселен, аграрлық және техникалық бағыттағы университеттерде агротехнологиялар, механика, электроника зертханалар пайда болып, оларда соңғы технологиялық жабдықтармен жарақтандыруда. Бұл студенттерге заманауи технологияларды қолдануды үйренуге және тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Қазіргі цифрлық трансформация замынанда өңірлік университеттерде цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру өзекеті мәселе тұр. Өйткені цифрландыру білім ордаларындағы оқу үрдісіне цифрлық технологияларды белсенді пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл ретте жаңа компьютерлік сыныптар, жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылып, интерактивті тақталар мен онлайн оқу платформалары енгізіліп жатқанын білеміз. Цифрлық инфрақұрылымның нығаюы қашықтан білім беру мен оқытудың аралас форматтарын дамытуға жол ашқаны белгілі. Онлайн платформалар арқылы пандемия кезінде студент жастардың кідіріссіз білім алып, оқуын жалғастырды. Сондықтан оқу орындардың бұл бағыттағы жұмысты өрістетіп, дамытуының маңызы зор.

Оқу орндарының білім беру жүйесін цифрлық форматқа көшіруі кітапханаларда электронды оқуылақтардың санын артуына ықпал еткені айтуға тиіспіз. Қазіргі таңда өңірлік университеттердегі кітапханаларда электронды кітапханалар мен цифрлық ресурстарға қолжетімділігі күн өткен сайын артып келеді. Көптеген оқу орындары ғылыми журналдарға, халықаралық дерекқорларға, электрондық кітаптарға қол жеткізетін платформаға қосылып, әлемдік ғылыми ортаның маңызды жаңалықтарына дәл уақытында қол жеткізіп отыр. Бұл өз кезігінде еліміздегі ғылымның заман көшінен қалмай алға қадам басуына ықпал ететін маңызды фактор десек болады. Мұндай мүмкіндік ғалымдар мен студенттердің құнды ғылыми дереккөздеріне еркін қол жеткізіп, ғылыми жұмыс пен зерттеулердің сапасын арттыратыны сөзсіз.

Бүгінде Қазақстандағы өңірлік университеттерді дамыту бағдарламалары аясында студенттік жатақханаларды салу және оқу ғимараттарын жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Бұл әсіресе студенттер саны көп аймақтарда орын алып, оқу орындарының материалдық жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Жаңа жатақханалар мен студенттерге арналған тұрғын үй кешендері студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға және олардың білім алу процесін қолайлы етуге бағытталған.

Мемлекеттік қолдау және халықаралық гранттар арқылы өңірлік университеттердің материалдық базасын нығайтуға қаражат бөлінуде. Бұл гранттар мен бағдарламалар инфрақұрылымды жаңартуға, жаңа технологиялар енгізуге және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға көмектеседі. Мысалы, Қазақстанның білім беру саласын дамыту мақсатында халықаралық серіктестіктер арқылы ғылыми жобаларға, зертханалар ашуға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетіледі.

Қазақстандағы өңірлік университеттердің материалдық базасын нығайту – білім беру сапасын арттыруға, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға және заманауи талаптарға сай мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам десек болады. Бұл оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуы студенттерге білім беру сапасын жақсарта отырып, оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етуге ықпал етеді.

Қазіргі кезде Қазақстанның өңірлік университеттері шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатып, халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуда. Еліміздегі өңірлік университеттер тек білім беру ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарына да назар аударып келеді. Қазіргі таңда өңірлік университтердің жанынан ғылыми орталықтар мен зерттеу институттарын құру арқылы университеттер аймақтық экономиканың сұраныстарына жауап беретін инновациялық жобаларды жүзеге асыруға да араласып жатқанын білеміз.

Айталық, ауыл шаруашылығы, экология және өнеркәсіп салалары бойынша кең көлемді зерттеулер жүргізіліп, оны нәтижелері өндіріске енгізілуде. Бүгінде өңірлік университеттер өз аймақтарындағы экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді ескеріп, жергілікті мамандарды даярлауға басымдық беріп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларға ерекше көңіл бөлініп, бұл бағытта мамандарды дайындау күшейе түскен. Бұл өңірлердің еңбек нарығын қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге және аймақтардың дамуына ықпал етеді.

Қазақстандағы өңірлік университеттердің дамуы елдегі білім беру жүйесінің дамуына, аймақтық экономиканың күшеюіне және кадрлардың сапалы дайындығына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Аталған оқу орындары аймақтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сай келетін инновациялық орталықтарға айналуда, әрі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқаратын деңгейге жетуі тиіс.

 


Рекомендовать
Последние новости