«Өңірлерді дамыту – 2020»: Ақмола өңірінде қандай өзгеріс бар?

Dalanews 06 июл. 2018 03:20 933

Қазақстан экономикасына екі-үш мегаполистің төңірегіне топтаспауы тиіс. Еліміздегі барлық өңір белгілі бір дәрежеде тең дамуы керек.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері көптеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты жақсырып келеді.

Бұл туралы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты.

Өңірдегі Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысып қайтқан Үкіметбасы сонымен қатар «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінде де болды.

Айта кетелік, Ақмола өңірі әуел бастан Қазақстанның негізгі деген аграрлық-өнеркәсіптік өңірлерінің бірі.

Облысқа ат басын бұрған Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы»  ЖШС ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінің жұмысымен танысып шықты.

ҚАИК жұмысының негізінде Үкіметбасы өңірде Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ облыстың кәсіпорындарында цифрлық технологиялар мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізу шараларымен танысты.

Ал Ақмола облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 244,8 млрд теңгені, НКИ өнімдері  2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,8% құрады.

Жалпы, сегіз жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 79 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7,9 мың жұмыс орны ашылды. 2018 жылы 53,4 млрд теңге сомасына 1330 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен алты жоба жоспарланған.

Бұдан өзге, 2018 жылдан кейін пайдалануға беру мерзімімен, 473,5 млрд теңге сомасына, 3 мың жаңа жұмыс орнын құрумен төрт жоба бойынша жұмыс жалғасын таппақ.

Бүгінгі таңда

Бүгінгі таңда металлургия, машина жасау, химия және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласындағы 20-ға жуық ірі компаниялар өнімділік қуатын ұлғайтып, жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық технологияларды енгізіп жатыр.

Цехты аралау барысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы техникасын құрастырудың технологиялық үдерісімен танысты.

«Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС директоры О.Балыбин ИИДМБ аясында іске қосылған зауыт 2017 жылы 698 млн теңге сомасына 507 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын шығарғанын, 2018 жылдың үш айында 265 млн теңгеге 208 бірлік техника шығарылғанын мәлімдеді.

Үкімет жыл сайын АӨК-тің техникалық жабдықталу деңгейін көтеруге көңіл бөледі.

Өткен жылы жалпы 32,6 млрд теңге сомасына 288 трактор, 263 жоғары өнімді астық жинау комбайны және 88 егіс кешені сатып алынды. Техниканың негізгі түрлері бойынша жаңару пайызы 2,6% құрады.

Осы жылдың бес айында 576 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде 101 трактор, 29 комбайн, 53 егіс кешені 7,5 млрд теңгеге. Ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға 3,4 млрд теңге қарастырылған.

Өңірдің АӨК дамыту барысымен танысу «Бижан ет өңдеу зауыты» ЖШС нысанында жалғасады, онда Бақытжан Сағынтаевқа Президенттің дайын ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндайды.



Облыстың аграршыларымен кездесуде АӨК дамытудың жандандырылған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылатын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа мүмкіндіктері, құралдары мен тетіктері, сондай-ақ елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланады.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралау жоспарланған.

Мәселен, №1 қалалық емхананы тексеру кезінде Бақытжан Сағынтаев өңірдің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен танысады.

Облыстың медицина саласының қызметкерлерімен кездесуде медициналық қызметтердің сапасы, саланы қайта реттеу және жеке қызмет көрсету секторын дамыту мәселелері талқыланады.

Бақытжан Сағынтаевқа Халыққа қызмет көрсету орталығында ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мысалдарын, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік жобаларын ұсынады.

Премьер-министрдің жұмыс сапары облыс әкімдігінде бизнес өкілдерімен және активпен өтетін кеңеспен тәмамдалады.

Онда осы жылдың бес айында атқарылған жұмыс қорытындылары мен Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасында» ескерілген міндеттерді шешу бойынша алдағы жоспарлар талқыланады.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр.

Бұған дейін Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Рекомендовать
Последние новости