Нұра ауылындағы мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары қалай жүруде?

Жарбол Кентұлы 25 июл. 2024 11:25 1953

Алматы облысына қарасты Нұра ауылында №12 орта мектеп ғимаратын жер сілкінісіне қарасы сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекетептің сейсмикалық күшейту жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған болатын. Кестеде бекітілген уақыттан кешігуіне байланысты ауыл тұрғындары арасында сұрақтар туындаған.

Мәселені шешу үшін, қазіргі кезде күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп орнына Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Мәдіғұлов Мұрат Бахыткерімұлы, Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков, Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы Құрманғалиев Мұғамедғаріп Ниязұлы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері және аудандық бөлімдер барды. Одан басқа аталған облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті билік өкілдері, мердігер және ауыл тұрғындарымен бірегей кездесу өтті. Толықтай түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жұмысты жалғастыру және қысқа мерзімде аяқтау жөнінде өзара келісім жасалды.

2023 жылы аталған мектепте күрделі жөндеу басталып, оған бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген-ді. Мердігер "SHEBERBUILD" ЖШС болып танылған.

Алайда, жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты және 2024 жылдың 27 ақпанында Талғар ауданының білім бөлімі мердігерді мерзімдерін бұзды деп айыптап, сотқа берді. 27 мамырда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "SHEBERBUILD" ЖШС-ні мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз мердігер қатысушысы деп таныды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сот процестеріне қарамастан, мектепті жөндеуді қаржыландыру жалғасуда. Маусым айында мердігерге 94,1 млн теңге аударылды.

– Мектепті жөндеу жағдайы әкімдік тарапынан ерекше бақылауда. Барлық жұмыстар тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Балалар 1 қыркүйекте мектепке баруы керек, – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.

 


Рекомендовать
Последние новости