Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде Қарағандының шаруалары 600 тоннаның өнімін саудалады

Dalanews 02 окт. 2021 11:06 1082

Бүгін «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Қарағанды облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Өңір фермерлері елордаға 600 тоннадан астам 117 өнім түрін әкелді, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Нұр-сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенбі, жексенбі күндері, яғни, 2-3 қазанда таңғы сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейін елордада Қарағанды облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіөтеді.

– Облыс тауар өндірушілері елордаға 600 тоннаға жуық өнім әкелді. Бағалар қолжетімді, ет өнімдері, көкөніс пен картоп үлкен сұранысқа ие. Елордада осымен 9-шы жәрмеңке өтіп жатыр. Өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы 21 тамызда басталды. Жәрмеңкелерде 2,7 мың тоннаға жуық өнім сатылды, республиканың түрлі өңірлерінен 380-ге жуық кәсіпкер қатысуда. Мұнда сауда бөлімінен бастап баға саясатын сақтау мәніне дейін, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен ветеринарлық, фито-санитарлық бағыттар бойынша құжаттарды салыстыру бөлігінде барлық қалалық қызметтер тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Оның айтуынша, жәрмеңке басталардан бір апта бұрын елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері өңірлермен өнім бағасы мәселесін пысықтайды. Әр өңірдің бағасы бар ұлттық статистика бюросының сайтында апта сайын шығатын елорданың көтерме сауда нарықтарына және статистикалық деректерге бағдарланады. Мұның бәрі алдын-ала дайындалуда, аймақ ұсынылған бағаларымен келеді.



– Қарағанды облысының 9 ауданы мен 4 қаласынан 126-дан астам фермерлік, шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін әкелді. Жалпы көлемі 600 тоннадан астам 750 млн теңгеге жуық өнім, оның ішінде ет, көкөніс, картоп, сүт өнімдері, шұжық өнімдері сатылады және екі құс фабрикасының өнімдері елордалықтарға ұсынылып отыр. Әрине, елорда тұрғындарының біздің ет пен көкөніске деген сұранысы жоғары. Бізде бағалар нарықтық бағадан әлдеқайда төмен, өйткені біз жақынбыз, логистика басқа облыстармен салыстырғанда арзанға шықты, – деп хабарлады Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Тарпанов.

Жәрмеңкенің бағасы шынымен де қолжетімді. Мысалы, картоп пен сәбізді 100 теңгеге, пиязды – 90 теңгеге, қиярды – 250 теңгеге, жылқы етін – 2200 теңгеге, сиыр етін – 2000 теңгеге, қой етін – 1800 теңгеге сатып алуға болады.

Қарағандыдан шыққан отбасылық жұп Азамат пен Айтолқын Сейітқазиндер туған өңірінен келген тауар өндірушілер жәрмеңкесін өткізіп алмауға тырысатындарын айтты.

– Ата-аналарымыздың үйінде, яғни Қарағандыда қонақта болған кезде әрдайым жергілікті құс фабрикасының өнімдерін, айран, сүзбе, қаймағын алып келеміз. Бүгін біз азық-түлік сатып алуға келдік. Біріншіден, бұл, әрине, ет, көкөністер, мұндай бағаны тіпті елордалық базарлардан таба алмайсыз. Міне, бос келіп, азық-түлік толған арбамен қайтып барамыз, - дейді елордалықтар.



Айта кету керек, жәрмеңкеде барлық санитарлық нормалар сақталуда. Аумақта қозғалыс бағыты көрсетілген белгілер, әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы ескертпелер бар, турникеттерде қол гигиенасына арналған санитайзерлер орнатылған. Сондай-ақ, келушілерге карантиндік шараларды, соның ішінде маска режимін сақтауды еске салатын баннерлер бар.

Елордада биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Рекомендовать
Последние новости