Нұр-Сұлтан қаласы бір ай бойына қарттарға құрмет көрсетеді (видео)

Dalanews 30 сент. 2019 11:09 909

1 қазанда Бүкіләлемдік қарттар күні. Нұр-Сұлтан қаласының қарияларын бір күн емес, бір ай бойы ұлықталады. Осы аралықта қалада түрлі бағыттағы шаралар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1 қазан күні «Астана» концерт залында ардагерлер шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Бағдарламада «Ветеран», «Шаңырақ» және «Алаш Аманаты» хорлары, «Ивушка», «Надежда» және өзге де вокалдық топтардың қатысуы жоспарланған.

Сондай-ақ Халықаралық қарттар күніне арналған фотокөрме, көркем шығармашылық көрме, флешмоб, экскурсия ұйымдастырылмақшы.

Шара 1000 адамды қамтиды деп жоспарлануда.


Қарттар күні «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлттық ұланның үрмелі аспаптар оркестінің «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерті өтеді.

Ал 3 қазанда аталған мекемеде ТЖД қызметкерлері мен хореография академиясының мамандары «Шарапат шақырады» атты мерекелік концертін ұсынбақшы.

8 қазанда Қазақконцерт ұжымы «Сіздерге мың тағзым» концерттік бағдарламасын қояды деп жоспарлануда. Әкімдіктің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мерекеден қалыс қалмайды. Аталған мекеме 1-3 қазан аралығында  қарттар Ұлттық музей мен Тұңғыш Президент музейіне қарттарды апраса, 7-9 қазан күндері қарттар қаланың көрікті жерлеріне экскурсия жасайтын болады.

15-17 қазан аралығында қарттарымыз М.Горький атындағы орыс драма театры мен Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының спектакльдерін тамашалайды. Сондай-ақ 23 қазанда қарияларды кинотеатрға апару көзделінуде.


Бұған қоса, қаланың барлық ұйымдары мен кәсіпорындарын қоса алғанда Қарттар күніне арналған шаралар кезінде 40 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған.

Елорданың дәмханалары мен мейрамханаларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлерінің қатысуымен бірқатар шаралар өткізіліп, оларға ақшалай және естелік сыйлықтар табысталады.

Қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдары, мектептері, колледждері мен ЖОО-дағы оқушылар, студенттер мен ұжымдар педагогикалық еңбек ардагерлерімен, ал медициналық ұйымдарда денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу өткізілетін болады.

Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында барлық санаттағы ардагерлермен кездесу өткізіліп, кәдесыйлар табыстап, концерттік бағдарлама ұсыну арқылы қарттарға құрмет көрсетеді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 80 мыңнан аса зейнеткер тұрады. Олардың 57 Ұлы Отан соғысының ардагері және 25 мың мүмкіндігі шектеулі қария бар.

 

https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=15lN-9ONUos

Рекомендовать
Последние новости