Назарбаев отбасы бостандықта жүр. Козачков кімге қауіп төндірді? – сарапшы

Dalanews 19 дек. 2022 09:37 908

«Коррупциялық билік ұзақ жылдар бойы олигархиялық экономикамен тығыз байланыста болған жүйеде кез-келген журналистік зерттеу қауіпті болады,» дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

– Журналист Михаил Козачковты танымаймын, бірақ оның көптен бері біздің жүйенің жараларын тырнап, бетін ашып жүргенін білемін. Сол журналист кенеттен ұсталған болса, сұрақ туындайды, «Бұл кімге тиімді?» деген.

Жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан байлығының жартысына иелік ететін 162 адам туралы айтты. Содан бері бір жылға жуық уақыт өтті, бұл тізім бойынша «түгенделген» ешкім жоқ. Әсіресе арасында рейдерлікпен айыпталғандары бар тұңғыш президенттің отбасы мүшелерінен еш сұрау болған жоқ. Неге?

Есесіне тап бір үкімі шығып қойғандай, «рейдерлікпен айналысты» деген айыпты журналистке тақты. «Жаңа Қазақстанның» ескі әдістерін еске түсіретін өте біртүрлі қылық болды бұл.

Кез-келген айыпты тағу үшін алдымен адам құқығын сақтап, әділ, ашық тергеу жүргізу керек. Ал соттар шешім шығарғанда жоғарыдан түскен тапсырмаға емес, заң мен фактілерге ғана жүгінуі тиіс", дейді Сәтпаев.

Айта кетелік,  18 желтоқсанда Қаржы маниториң агенттегі журналист Михаил Козачковты ұстады. Оның адвокаты журналисті 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамағанын айтты.

Журналист Михаил Козачков «Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының рейдерлік басып алу қылмыстық ісіне қатысы бар» деген күдікке ілінген.


Агенттіктің хабарлауынша, Козачков Қоспаевқа басып алу алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасауға көмектескен. Оған қоса ол бұрын құқық қорғау органында жұмыс істеген досы Бұрхан Жансейітовті іске тартқан: ол компрамат ақпарат жинаумен айналысқан. Екеуі қызметі үшін ұйымдасқан қылмыстық топтан 52 миллион теңге алған.

Сонымен қатар Козачков «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды бұзғаны үшін және көрінеу жалған ақпаратты, банктік, отбасылық және заңмен қорғалатын басқа да құпия деректерді таратқаны үшін айыпталған.

Қазір журналист уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Журналист Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, журналистің үйінде тінту жүргізілген. Алайда қауіпсіздік күштері оның адвокатын пәтеріне кіргізбей қойған.

Сырт көз не дейді?


«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Козачковтың ісіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, журналистің ісіндегі процессуал нормалар сақталмай жатыр. Оған қоса Қаржы мониториң агенттігінің аталмыш іс туралы пресс-релизі кінәсіздік презумпциясын бұзады.

Ал экономист Расул Рысмамбетов Козачковты тұтқындаудың басқа себептері болуы мүмкін екенін алға тартты.

"Михаил Козачковтың біздің құқық қорғау органдарының күрделі этикалық мәселелері туралы материалдар жариялай бастаған кезінде оның дискредитациясы уақытша екенін түсіндім: «Жағдайды реттеуден гөрі әділ сын айтқан адамның аузын жабу оңайырақ» — бұл үнемі мемлекеттік құрылымдардың амалы болды", – дейді Рысмамбетов.

«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Ілеуова журналистің ісіне қатысты ашық әрі жіті тергеу жүргізілуі керек екенін айтады.

"Олар жексенбі кешке қамауға алыпты. Ешкім байқамай қалады деп ойлады ма? Ол көптеген адам туралы жағымсыз ақпарат жазды, бірақ біз білдік. Мемлекеттік органдардан біреу журналистпен есеп айырысатын болса, бұл мінез-құлықтың адекват нұсқасы деп ойламаймын. Оның үстіне қазір барлық қозғалыс жұртшылықтың жіті назарында және болады да. Ашық әрі объективті тергеу жүргізіледі деп үміттенемін", – деді ол.

 

https://dalainside.kz/12/manyzdy/19/2022/796/

Рекомендовать
Последние новости