Мирзияев БҰҰ-мен әріптестікке мүдделі

Dalanews 04 мар. 2017 16:18 822

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесу кезінде БҰҰ-ны Өзбекстанда және барлық Орталық Азияда болып жатқан процестерге белсене араласуын сұрады.

Мирослав Енча Ташкентке Өзбекстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше ретінде кіргеніне 25 жыл толуына орай келіп отыр. Тараптар өзара қарым-қатынастың маңызды тұстары мен екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған.

Өзбекстан президенті қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларды шешуде, терроризм, экстремизммен, есірткі тасымалы, ұйымдасқан қылмыс және қазіргі әлемге қауіп тудырып отырған проблемалармен күресте БҰҰ рөлінің зор екенін атап өткен.

Мирзияев сонымен бірге биыл қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына қатысуға дайын екенін білдірген. Осыған дейін Өзбекстан бұл жиынға тек сыртқы істер министрін жіберіп отыратын.

Рекомендовать
Последние новости