Министрлік жаңа айыппұлдарды бекітті

Сағыныш Сардарова 03 июл. 2025 17:53

Қазақстанда ағаштарға келтірілген залал үшін төленетін өтемақының жаңа мөлшері белгіленді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кесу, бүлдіру немесе жинау жағдайында бір дана ағаш үшін төлем 314 560 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігінің жаңа бұйрығында көрсетілген,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл өзгерістер 2023 жылғы №61 бұйрыққа енгізілді. Құжатта өсімдіктерге келтірілген залал үшін төленетін өтемақының базалық мөлшерлемелері егжей-тегжейлі көрсетілген кесте берілген. Айыппұл мөлшері тек ағаш түріне емес, оның жасына да байланысты есептеледі.

Ағаштар төрт жас категориясына бөлінеді: 10 жасқа дейін, 11–20 жас аралығы, 21–30 жас және 31 жастан жоғары. Ағаш неғұрлым үлкен болса, өтемақы көлемі де жоғары болады.

Айыппұлдар жеке де, заңды тұлғалардан да өндіріледі. Жергілікті атқарушы органдар әр тоқсан сайын салық органдарына өндірілген сомалар туралы есеп беріп отыруы қажет, оған қоса қажет болған жағдайда залалды өтету үшін сотқа талап қоюға тиіс.

Жаңа мөлшерлемелер ресми түрде күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости