Музей қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрме ұйымдастырды

Dalanews 13 дек. 2018 04:04 1034

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдағы ең өзекті мәселе» атты көрме-лекция ұйымдастырылды.

Музей кітапханашысы Меруерт Көпеева қатысушыларға қоғамның кез - келген  ортасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу, рухани тәлім-тәрбиені бойға терең сіңіре отырып, жаман әдет жат қылыққа бой алдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұматқа баса назар аудару жайлы ой бөлісті.

Көрмеге қойылған материалдардан көрермендер  жең ұшынан жалғасып, заңды белшесінен басуға жол бермеу, онымен күресу жолдары, тиісті заңнамалар туралы ақпараттар алды.

Жиын барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Берік Байболов Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру нәтижесінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес кең ауқымды қамтыған науқанға айналып бара жатқандығын айта келе, осыған байланысты жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың да ең басты міндеттерінің біріне айналғанын атап өтті.

 

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости