Мұнай тасымалы: Қазақстан Каспийде танкерлер флотын құруға күш салмақ

Dalanews 24 апр. 2023 01:41 1887

Қазақстан Ресейді айналып өтіп, Әзірбайжан арқылы өз мұнайын экспортқа шығару үшін танкерлер флотын құра бастады, – деп хабарлайды Mezgil.kz.

Бірақ Каспийде ірі кемелерді пайдалану мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбырына жоғары күкіртті мұнайды жіберуге шектеулер бар. Осылайша Қазақстан 2023 жылы 1,5 млн тоннадан аспайтын мұнайды ғана жөнелте алады. Болашақта көп дегенде 3 млн тоннаға ұлғайтылтатын мүмкіндігі бар.

Сарапшылар Қазақстаннан мұнай жеткізуді әртараптандыру арқыла жылына 20-25 млн тонна экспорттай алатынын айтады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» 2023 жылы Каспийде 8 мың тоннадан тасымалдайтын екі мұнай құю танкерін сатып алуды жоспарлап отыр. Қазақстандық компания хабарлағандай, оны Abu Dhabi Ports Company (БАӘ) жеткізбек.


Қазір оған әрқайсысы 12,4 мың тонна сиятын «Ақтау», «Астана» және «Алматы» танкерлері тиесілі. Каспий теңізі таяз болғандықтан мұнай тасымалдаумен осындай шағын кемелер ғана айналыса алады.

Қазақстан экспорттық жеткізілімдерді әртараптандыру үшін жаңа танкерлер қажет. Қазір мұнайдың 80%-ы Ресей арқылы тасымалданады.

Тасымалдау екі құбыр бағыты бойынша жүреді: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийск портына дейін (мұнай айдау көлемі 2022 жылы – 52,2 млн тонна болды) және «Атырау – Самара» құбыры арқылы Ресей аумағымен Усть-Луга портына дейін (мұнай айдау 2022 жылы – 8,4 млн тонна болды).

Былтыр КҚК-ның жұмысы әртүрлі себеппен бірнеше рет тоқтап қалды. Сондықтан Қазақстан қазіргі саяси жағдайды ескере отырып, баламалы бағыттарды белсенді іздей бастады.

Соның бірі де бірегейі «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры. Алайда Қазақстан мұнай құбырына кішкентай көлемді танкерлермен мұнай тасымалдауға мәжбүр.


Биыл «ҚазМұнайГаз» бен Әзірбайжан SOCAR келісімі шеңберінде осы бағыт бойынша Теңіз кен орнынан 1,5 млн тонна мұнай жіберуді жоспарлап отыр. Наурыздағы мұнай тасымалы 20 мың тоннаны құрады, сәуірде 125 мың тоннаға дейін өсуі тиіс.

«Коммерсант» басылымының жазуынша, Қазақстан БТД арқылы жеткізілімдерді жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуды қарастырып жатыр.

Бірақ оған КҚК-мен ұзақ мерзімді келісімшарттар кедергі келтіріп тұр.

Қазірдің өзінде БТД арқылы жеткізу Новороссийск арқылы жеткізілімге қарағанда қымбатырақ. Оның үстіне Ақтау портын кеңейту, ірі танкерлер үшін Каспийдің түбін тереңдету жұмыстарына ірі көлемді «ондаған миллиард доллардың» инвестициялары тартылуы керек.


Сарапшылардың бір бөлігі тіпті КҚК-ның Батыс қатысушыларының өзі экспорттың тиімді жолынан айырылғысы келмейді. КҚК-нің негізгі акционерлері «Транснефть» – 24%, «КҚК Компани» – 7%, «ҚазМұнайГаз» – 19%, «Chevron Caspian Pipeline Consortium Company» – 15%, «LUKARCO B. V.» – 12,5%, «Mobil Caspian Pipeline Company» – 7,5%, сондай-ақ, «BG Overseas Holdings Limited» және «Eni International N. A. N. V. S. ar. l.» – әрқайсысына 2%-дан тиесілі.

https://dalanews.kz/del-qazir/88549-turkiiada-ar-3-minut-sayyn-bir-yelektroko

https://dalanews.kz/news/88457-almatyda-ayelding-basyn-kesip-dukenge

https://dalanews.kz/news/88447-satqaliev-tagy-da-zhazyq-zherde-surindi

Рекомендовать
Последние новости