"Мұнай құны 78 долларға жетті". Goldman Sachs, Citigroup, JPMorgan өз болжамдарын жариялады

Кәмшат Тілеухан 20 июн. 2025 12:43

Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсуін жалғастыруда. 19 мамырда кешкісін ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 1,6%-ға көтеріліп, 1 баррелі 78  доллар болды.  Трейдерлер Таяу Шығыстағы жағдайды демдерін іштеріне тарта, әлі бақылауда. Инвесторлар назары, әсіресе Иран-Израиль қақытығы салдарынан әлемдегі мұнайдың үштен бір бөлігі жөнелтілетін Ормуз бұғазының зардап шегу-шекпеуіне баса аууда. Ал Goldman Sachs, Citigroup және JPMorgan  сынды халықаралық қаржы институттары бұл бұғаз зардап шексе, "қара алтынның" бағасы шарықтай жөнелетінін болжайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Goldman Sachs сарапшылары егер геосаяси жағдай бұрынғы қалыпты жағдайға оралса, Brent мұнайының бір баррелі 2025 жылдың IV-тоқсанында, тіпті 60 доллардан да төмен түсіп кетуі мүмкін деп санайды. Ал, егер Иранда мұнай тасымалында проблемалар туындаса, онда баға 90 доллардан асаға жоғарылауы ықтимал.

Citigroup сарапшылары Ормуз бұғазы блокадада қалып кетсе әрі мұнай тасымалындағы үзілістер арасы ұзап кетсе баға 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтады. Ал қатаң сценарийлерде баға шығы 120-130 долларды игреуі ықтимал.

"Өндіріс көлемінің өсімі және Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі ақырында бағаның сабасына түсіру рөлін атқаруы мүмкін. Яғни, бұл ретте баға өсімі қысқа мерзімді сипатқа ие болатын сияқты", - дейді Citigroup сарапшылары.

JPMorgan сарапшылары Ормуз бұғазы арқылы өтетін арна жабылса немесе Таяу Шығыста ірі соғыс оты тұтанса  мұнайдың бір баррелінің құны 130 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп ескертеді.

Айта кетсек, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы әскери операцияны бастап, елдегі әскери және ғылыми кәсіпорындарға әуеден шабуыл жасады. Салдарынан оннан астам Иранның жоғары дәрежелі әскери және атом саласының жетекші ғалымдары опат болды.  Натанзедегі Иранның ядролық бағдарламасының негізгі нысаны да зақымданды. Израильдің алғашқы соққыларынан кейін Brent маркалы мұнайдың құны 13%-ға көтеріліп, алты айда алғаш рет 78 доллардан асты. Иран кек алу операциясын жариялады, содан бері тараптар бір-біріне соққы беруде. Тегеран Ормуз бұғазын жабуды қарастырып жатқанын айтты, ал ол арқылы әлемдік мұнайдың, конденсаттың және мұнай өнімдерінің 15-20% және сұйытылған табиғи газдың 30%-дан астамы өтеді. Ирандық сарапшылардың бағалауы бойынша, мұндай жағдайда нарыққа шикізат жеткізілімі күрт төмендеп, мұнайдың бір баррелінің бағасы 250 долларға дейін көтерілуі мүмкін. 17 маусымда Иранның Press TV телеарнасы Ормуз бұғазы маңында Иран жағалауында өртке оранған үш мұнай танкерінің фотосуретімен бөлісті.


Рекомендовать
Последние новости