Мырзахметовтің ісі: Антикор мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Сағыныш Сардарова 21 сент. 2024 14:55 4824

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

"Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды", - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. 


Рекомендовать
Последние новости