Мемқызметкердің еңбекақысы – жаңа жүйеге көше бастады

Dalanews 15 мар. 2018 15:04 827

Мемлекеттік қызметшілер еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі пилоттық жоба ретінде күшіне еніп, алғашқы нәтижелерін көрсетуде.



«Жыл басынан бері агенттіктің аумақтық департаменттеріндегі 85 бос лауазымға орналасуға үшін 510 өтінім берілген. Орта есеппен, бір лауазымға 6 үміткерден келеді. Ал,өткен жылдағы барлық үміткерлердің орташа саныбір орынға 2 үміткерден келетін: 446 бос орынға – 804 өтініш» – деп хабарлады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Facebook парақшасында.

Агенттік басшысының пайымдауынша, бұл жағдайда факторлық-баллдық шкала аясында атқарушы буынның жалақысын екі есе арттыру маңызды рөл ойнайды.

Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. 7 бос орынға орналасу үшін 138 үміткер өтініш білдірген, орта есеппен, бір орынға 19 үміткерден келеді.

Ұлт жоспарының 5 және 6 қадамын іске асыру шеңберінде, жаңа жүйе пилоттық режимде 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласы әкімдігінде, Маңғыстау облысы әкімдігінде, Әділет Министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде іске асырылуда.

Жаңа жүйенің басты ерекшелігі қызметшіге жүктелген міндеттер мен оның нәтижелілігінің ескерілуінде.

Мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы екі бөліктен құралады: факторлық-баллдық шкала негізіндегі кепілді лауазымдық жалақы және бонустық төлемдер.

Факторлық-баллдық шкала мемлекеттік құрылымдардың тартымдылығы мен имиджін арттырып қана қоймай, еңбекақы әділдігін қамтамасыз етеді және аймақтар мен орталықтағы мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының теңгерімсіздігін жояды.

Факторлық-баллдық шкала енгізудің басты мақсаты – еңбекақы төлеуде теңгерушілік тәсілден бас тарту және қызметкерлерді материалды түрде ынталандырудың тиімді тетігін қалыптастыру болып табылады.

– Біздің компания үшін факторлық-баллдық шкала – жоспарлау, бақылау және қызметкерлерді ынталандыру функцияларын біріктіретін басқару құралдарының ең тиіміділерінің бірі болып табылады. Бастапқыда бұл жүйені қолайсыз деп таныған қызметкерлер қазіргі таңда жүйенің артықшылықтарын сезініп, өздерінің еңбекақыларына риза, – деп хабарлайды компанияда факторлық-баллдық шкаланы екі жыл бұрын енгізген «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің Бас директоры.

ФБШ қызметкерлер арасында мекеме мақсаттарына қол жеткізуде жауапкершілікті бөлуге және персоналдың қызметке белсене қатысуына ықпал етеді.

«Жаңа жүйе қызметкерлердің бірінші басшымен қарым-қатынас орнатуын емес, компания алдында тұрған нақты мақсаттарға қол жеткізуде бірігуіне септігін тигізді.Біздің компанияға нағыз керек жүйе осы болатын. Жүйе өте тиімді және  көптеген отандық компаниялармен қолданылады», – деп хабарлайды «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің Бас директоры.

Мемлекеттік органдарда жаңа жүйе сауатты түрде енгізілген жағдайда, ол меритократия жүйесін одан әрі дамытуға, мемлекеттік органдардағы қызмет ахуалын жақсартуға және білікті мамандардың келуіне ықпал етеді.

Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін республика аумағында оны енгізу мерзімдері бойынша шешім қабылданатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа


қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті7


Рекомендовать
Последние новости