"Мемлекетті ашық алдап отыр" - заңгер Айгүл Орынбек халықты тонап жүргендердің схемасын көрсетті

Көркем Алдабергенова 19 мая 2025 15:43

Үлкен компаниялар тендер арқылы отандық өнім деп көрсетіп, бірақ Қытайдың өнімін арзан бағаға алып келіп, эмблемасын ауыстырып, мемлекетті алдап отыр. Мұндай күмәнді схемаларға құзырлы органдар неге көз жұма қарап отырғанын неге көрсетпей отырғанын алдағы уақыттары білетін боламыз. 

Айгүл Орынбек осы мәселеге қатысты жасаған зерттеуін көрсетті. 

"Самұрық-Қазына" АҚ сайтын ашамыз. Бірінші көзге түскен лот Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының сатып алуы. Алып компания еліміздің сегіз өңіріне жалпы сомасы 185 024 000 теңгеге ашық конкурс жариялаған. Нақты айтар болсақ 18 дана жылжымалы электрстанциясын, қарапайым тілде айтқанда генератор сатып алмақ болған.Мұндағы басты талап белгілі бір брендті, яғни Ameco industrial-ды жеткізу керек. Осы тұста мәселе туындайды", - дейді Айгүл Орынбек. 

Тендер шартына сай тауар отандық өнім болуы керек.

"Себебі елімізде отандық өндірушіге артықшылық беріледі. Конкурсқа қатысушы компаниялардың өндіруші орындарын іздеген олар ешқандай зауыт емес, жай ғана тұрғын үй пәтерде тіркелген. Ал жай пәтерде генератор өндірілмейтіні мәлім", - дейді заңгер. 

Оның сөзінше, осындай тәсіл арқылы белгілі бір компаниялар Қытайдан әрқайсы 200-300 мың теңге тұратын генераторларды алып келіп, Қазақстанда құрастырылған деп көрсетіп, мемлекетке 1,5 миллион теңгеге өткізіп отырған. 

"Мысалы Қазақстан темір жолы бір генераторды 1 516 000 теңгеге конкурсқа шығарған. Ашық деректерде осы сомма бойынша 55 миллион теңге жеткізушіге алдын ала төлем ретінде аударылып кеткені көрсетілген. Бұл тауардың бағасы басқа сайттарда  359 000 теңге, ал тағы бір басқа сайтта 200 мың теңге шамасында тұр. Бір генераторды бірнеше есе жоғары көрсетіп, сатып алып отырса, ұлттық компаниялар мемлекеттік ашық тонап отыр деген сөз емес пе? Бұл бір ғана мысал", - дейді Айгүл Орынбек.

Заңгер ұлттық компаниялардың ішінде алдын ала келісіп алған тендерлер жүріп жатқанын айтты. 

"Ал тендерге қатысып жүрген делдал компаниялар нақты тауар өндіруші емес, жай ғана үстінен пайда көріп отырған бизнес құрылымдар. Олар өнімнің отандық екенін дәлелдейтін қағазын реттеп алып, мемлекеттік сатып алуда сыбайластары арқылы жеңіске жетіп отырады. Ең қиыны бұларды ешкім тексеріп отырған жоқ. Неге шара қолданылмай отыр? Әділетті Қазақстан десек ең алдымен жүйедегі осындай былықтарға үңілу керекпіз", - дейді заңгер. 


Рекомендовать
Последние новости