Жетісуда мемлекетке миллиондаған теңгенің жері қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жетісу облысының Алакөл ауданында жер ресурстары тиімсіз пайдаланылған.
"Қолданыстағы өкілеттіктерге қарамастан, жергілікті әкімдік уақытша жер пайдалану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен жерлерді қайтару бойынша шараларды қолданбаған. Прокурорлар жалпы көлемі 1655 гектар болатын осындай 14 жер телімі қайтарылуы керек екенін анықтаған", - деп жазылған хабарламада.
Қадағалау актісімен жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңге болатын барлық жер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.