Мәскеу vs Киев

Dalanews 21 мар. 2015 04:02 881

немесе Меркель мен Обама жеңіс күнін қайда қарсы алады?

 




[caption id="attachment_9840" align="alignleft" width="339"]1405735750_0689.1620x1296 Батыс лидерлерінің Мәскеуге емес, Киевке баратын жөні бар. [/caption]

 Америкалық Los Angeles Times газетінде жарық көрген мына мақала авторлары: «Батыс лидерлері 9 мамырды Мәскеуде емес, Киевте қарсы алса, бұл шығыс майдандағы Гитлердің армиясын тежеуде ерлікпен өлген миллиондаған адамға көрсеткен құрметі болады. Әрі әзіргі путиндік жүйеге бағытталған қарсы соққы деп санаңыз» дейді.

Мәскеу мазасыз. Жеңістің 70 жылдығына дайындық жүріп жатыр. Қызу қарбалас. Ал неміс канцлері Ангела Меркель мен ағылшын Премьер-министрі Дэвид Кэмерон 9 мамырда Мәскеуде өтетін шараға қатыспайтын болды. Бас тартыпты. Дұрыс істеді. Ертең Обама да «келмеймін» десе, таңғалмаңыз.

Бірақ бұлардың келіп қалуы да ғажап емес. Жо-жоқ, олар Путиннің қабағынан қорықпайды, халықтан ұялады. Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болған миллиондаған адамға, көзі тірі ардагерлерге алғыс айтса, артық емес.

Біз айтамыз: олар (Меркель, Кэмерон және Обама) Жеңіс күнін қарсы алу үшін Мәскеуге емес, Киевке баруы керек.
Батыс лидерлерінің Мәскеуге емес, Киевке баратын жөні бар. Жарайды, украин билігі әскери парад өткізбей-ақ қойсын, есесіне осы соғыста қаза болғандарды еске түсірсін, халық батырларының басына гүл қойсын.

Мойындаймыз: Гитлерлік Германияны жеңуде қызыл әскердің қосқан үлесі зор. Мұны америкалықтар білмейді. Осы соғыста «сәбет» армиясының 20-дан 27-і миллионға дейінгі сарбазы көз жұмды.

Мәскеуге Клинтон келген (1995 жылы).  Кіші Буш та келді (2005 жылы). Жеңіс парадын көзімен көрді. Бірақ, 2015 жылғы Мәскеу Батыс лидерлерінің баратын жері емес.

[caption id="attachment_9839" align="alignright" width="390"]маскеу 5 бетке (1) Сепаратист[/caption]

Қырымды тартып алды, Украинада қырғын салды. Батыс лидерлері Қызыл алаңның трибунасында отырып, әрі-бері адымдаған орыс әскерінің парадын көре алмайды. Ұяты жібермейді. Өйткені, ертең дәл осы әскер Украинаның шығысында аттануы мүмкін. Ол ара Мәскеуден алыс емес. Әрі кетсе 500 миль (804 шақырым).

Путин Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті Ресейге теліп алғысы бар. Бұл украиндардың, посткеңестік кеңістіктегі өзге де елдердің ашу-ызасын туғызады. Олардың әкелері мен аталары да осы соғыста қан төкті, қайғы жұтты, ажал құшты.

Білесіз бе? Осы қантөгісте қаза болғандардың саны жағынан украиндар орыстардан кейінгі екінші орында тұр. Гитлерлік Германияның алғашқы кездегі адуынды соққысын осы украиндар қабылдап алды.

Батыс лидерлерінің Мәскеуге емес, Киевке баратын жөні бар. Жарайды, украин билігі әскери парад өткізбей-ақ қойсын, есесіне осы соғыста қаза болғандарды еске түсірсін, халық батырларының басына гүл қойсын.
Киевке жақын жерде соғыс тұсындағы 13 кеңестік батыр-қалаға арнап соғылған мемориал бар.

Егер Обама, Меркель және Кэмерон 9 мамырды Мәскеуде емес, Киевте қарсы алса, бұл шығыс майдандағы Гитлердің армиясын тежеуде ерлікпен қаза тапқан миллиондаған адамға көрсеткен құрметі болар еді. Бұл бір жағынан қазіргі путиндік жүйеге бағытталған қарсы соққы деп санаңыз.

Олар украин астанасына келсе, ендеше, Ресей халқы өз көшбасшысының жападан жалғыз қалғанына көзі жете түседі. Мәселе, бұл жайтты Кремльдің ақпарат құралдары қалай көрсетеді? «Батыс лидерлері Киевте Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарды еске алды» деп хабарлауға дәті жете ме? Кезі келгенде көреміз.

Стивен Пайфер,


Брукингс институтының аға ғылыми қызметкері.


Джон Хербс,


Еуразияны зерттеу орталығының директоры


Билл Тейлор


Америка бейбітшілік институтының вице-президенті.


Үшеуі де бір кезі АҚШ-тың Украинадағы елшісі қызметін атқарған.


 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости