Мәскеу мен Тегеранды не біріктіреді?

Dalanews 23 апр. 2015 13:39 965

 The Washington Post», АҚШ)

«Ядролық қару жасаймыз» деген Иран билігімен бір келісімге келген Батыс тағы алаңдаулы. Ресей Тегеранға жаңа зениттік-ракеталарды сататынын айтты.

2010 жылы Ресей бүйтпеген болатын. Батыстың алдында ұят болатынын, Тегеранға салынған санкцияларды қолдайтынын айтып, аталған әскери кешендерді саудалаудан бас тартқан. Бұл жолы не болды?

АҚШ үшін Ресейдің Иранға С-300 ракеталарын тасымалдауы Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы арақатынастың салқындап кеткенінің айғағы.

Израиль үшін Ресей әрекеті арандату әрі бұл елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қадам. Неге? Білесіз бе? Өйткені бұл ракеталар Иранның ядролық қару жасайтын орталықтарына соққы беруге (егер Тегеранның бұл әрекеті әшкере болған жағдайда) кедергі келтіреді.

OРесей үшін Иранға С-300 ракеталарын сату бөлек, басқа маңызға ие: Ресей халықаралық санкциялар алынғанға дейін ирандық нарыққа енудің тиімді мүмкіндігін уысынан шығарып алғысы жоқ.

«Бұдан бірнеше жыл бұрын бір дипломат маған: «Америкашыл Иран біз үшін ядролық Ираннан әлдеқайда қауіпті» деген болатын», – дейді Таяу Шығыс бойынша орыс сарапшысы Георгий Мирский.

Айтуынша, АҚШ Тегеранмен арадағы байланысты жақсартуға әрекет етіп жатқан тұстағы қазіргі Кремльдің бірден-бір философиясы осы.

«Батыспен жақындасқан Иран сөзсіз Ресейдің позициясын әлсірете түседі, – деді Мирский. – Сондықтан ядролық келісімшартқа толық қол қойылмай тұра біз ескертпелік соққы жасауымыз керек. Иранға сенімді серіктес екенімізді және ауыр шақтарда арқа сүйейтін бірден бір держава екенімізді дәлелдеуіміз қажет».

Иранмен арадағы ядролық келісімге қол қойылар болса, парсы нарығына көз тігіп отырған инвесторлар ақшаның астында қалады. Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының дерегінше, санкцияның салмағын сезініп отырса да Иран экономикасы әлемдегі ең ірі 20 экономиканың сапында. Ол түрік экономикасынан сәл ғана қалып тұр, ал Аустралия экономикасынан алда.

Санкциялар алынатын келісімге қол қойылса, Ирандағы мұнай-химиялық және тұтынушылық нарыққа кіргісі келетіндердің арасында талас күшейеді.

 Ресей неден қорқады?

Иран экономикасының аяғынан тұруы Ресейге тиімсіз. Бұл әсіресе мұнай өңдеу және сату саласына қатысты. Иран мұнайы әлемдік нарыққа шықса, «қара алтынның» экспорттық құны арзандары анық. Ал Ресей мұнайдың арқасында күн көріп отырған ел. Егер Иран пен Ресей табиғи газ қорынан әлемдік көшбасшы екенін ескерсек, Еуропа нарығы үшін таласта олар бәсекелеске айналуы мүмкін. Бұған Батыстың бірнеше жыл бойы орыс газын алмастырудың баламалы жолын іздестіріп жүргенін алып қосыңыз.

 Дегенмен...

1382807499_942774355Соңғы 30-35 жылда Мәскеу мен Тегеранды «Батысқа қарсы тұру» атты ортақ іс біріктіріп келді. Иран неге Батыспен күресті? Бұл осындағы исламдық жүйенің мықтылығынан, өмір сүруге қабілеттілігінен болды. Ал Путин «АҚШ-қа қарсы шықсам айбынды саясаткер боп көрінем» деп ойлайды.

800 млн. долларды құрайтын С-300 ракеталарын тасымалдау туралы келісімшартқа тараптар бұдан 8 жыл бұрын қол қойған. Санкция себебінен олардың тасымалы тоқтап қалған-тұғын. Әзіргі Ресейдің әрекеті «әлем Иранмен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға талпынып жатқанда, біз де қалыс қалмаймыз» дегенге саятын сияқты...

Иә, қалыс қалмайтын түрі бар. Мәскеу «тауар орнына – мұнай» атты бағдарламаның бар екенін айтты. Бұл бойынша Ресей Ираннан тәулігіне 500 млн. баррель мұнай сатып алып, орнына астық немесе өзге тауарлар өткізеді. Егер санкциялар алынар болса, қару-жарақ тасымалдау және атом электростансыларын салу тарапындағы келісімшарттарға жан бітеді. Бұл бағытта ресейлік тауар ерекше сұраныста...

Орыс билігі С-300 ракеталарын жеткізуге Иран мен Батыстың арасындағы келісім себеп болғанын ашып айтқан жоқ және айтпауы да мүмкін.

«Біз оларға сатамыз деп уәде бердік. Бірақ, сатып жіберген жоқпыз ғой. Уәде бердік. Мұндай құрылғыларды олардың территориясына жеткізу бір күннің ісі емес. Калашников автоматтарын тасымалдау туралы айтып отырған жоқпыз», – дейді орыс депутаты Андрей Климов.

Иран да қоймайды. Бұл елдің қорғаныс министрі Иран, Ресей, Қытай, Үндістан бірігіп, НАТО-ға деңгейлес альянс құру қажеттігін айтты. АҚШ/Батыс vs Ресей бұл текетірестің соңы немен аяқталар екен...

 Карун Демирджан


Рекомендовать
Последние новости