Мақтаарал ауданы әкімнің кубогы өтті

Dalanews 30 авг. 2019 04:08 894

30 тамыз – Конституция күні қарсаңында Мақтаарал ауданында үлкен футбол тойы өтті. Бүгін «Жастар жылы» аясында «Спорт – денсаулық кепілі» атты ұранмен аудан әкімінің кубогы үшін ересектер арасында өткен Мақтаарал ауданының біріншілігі өз мәресіне жетті.

Елбасы  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2020 жылы елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын 30 пайызға  жеткізуді жүктеген болатын. Міне, осы міндетті орындау мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен маусым айында басталған додаға 2 кент пен 9 ауылдық округтің құрама командалары қатысып, жалпы саны 60 ойын өткізілген. Сондай-ақ, 200-ге жуық спортшы жарысқа тартылып, ондаған төрешілер төрелік жасаған.

Бүгін аудан біріншілігінің жартылай финалы және финалы кезеңдері өтіп, 3 ай бойы өткен жарыстың жүлдегерлері анықталды. Марапаттау рәсіміне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов жүлдегерлерді құттықтап, арнайы марапаттады.

– Ең біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! 3 ай бойы тартысты да қызықты өткен Мақтаарал ауданының біріншілігі бүгін өз мәресіне жетіп отыр. Ауданның бұқаралық спортының дамуына атсалысып, жаздың шіліңгір ыстығына қарамай жасыл алаңнан табылған баршаңызға аудан әкімінің атынан және өз атымнан алғысымды білдіремін! – деді Сәкен Асылханұлы.

Аудан біріншілігінің қорытындысы:

І орын - Атакент кенті;

ІІ орын - Ж.Нұрлыбаев а/о;

ІІІ орын - Мырзакент кенті;

Үздік ойыншылар:

Үздік ойыншы - Есенов Ғалымжан (Мырзакент кенті);

Үздік шабуылшы - Илясов Азамат (Атакент кенті);

Үздік қақпашы - Сарманов Наурыз (А.Қалыбеков а/о);

Үздік қорғаушы - Төрежанов Бауыржан (Мақтаарал а/о);



Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости