Жолдауды жүзеге асыру баршаның ортақ ісі

Dalanews 05 сент. 2019 12:02 887

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2-ші қыркүйектегі халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиынға аудан ардагерлері, қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, ауданның құқық қорғау және атқарушы органдары, аумақтық басқарма, білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Бірінші болып сөзге шыққан облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы Президенттің Жолдауындағы басым бағыттар мен межеленген жоспарларды орындау, дамыған елдердің арасында бәсекелестікке қабілетті болу мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде, әсіресе, кәсіпкерлік, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларында атқарылған және атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Жиын барысында баяндама жасаған облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Ержан Панов пен Алмасбек Қожахмет жастарға Жолдауда жүктелген негізгі міндеттер мен атқарылар жұмыстардың барысы, білім мәселелері туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Насырханұлы Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы орындап, жүзеге асыруда мақтааралдықтардың аянып қалмайтындығын айтып, мемлекеттік саясатты аудан тұрғындары әрқашан қолдайтындығын жеткізді.

– Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған және одан туындайтын міндеттерді орындау жалғыз атқарушы биліктің ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жұртшылықтың, барлығымыздың ортақ ісіміз. Әрбіріміз өз орнымызда белсенді әрекет жасасақ, нақты іс атқарсақ, Жолдаудағы межелер еңсерілетіні сөзсіз. Мен барлығыңызды Жолдауды орындауға бағытталған белсенді әрекеттер жасауға шақырамын! – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 13 арнайы насихаттық топ құрылып, олар ауданымыздың барлық елді мекендерінде тұрғындармен жүздесіп, Жолдаудың мән-мазмұнын түсіндіруде.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости