Мәжіліс төрағасы Үкіметтің жұмысын сынға алды

Қаракөз Амантай 27 нояб. 2024 15:26 541

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бюджет қаражатын тиімді жұмсау жайлы сөз қозғап, Үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның пікірінше, әлеуметтік-экономикалық даму жоспары елдің нақты экономикалық жағдайымен сәйкес келмейді.

“Нәтижесінде, бюджет шығыстары жоспарланғаннан асып кетеді, ал жыл соңында кіріс жетіспеушілігінен Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға тура келеді”, — дейді ол.

Қошанов Үкіметтің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тағы да трансферт сұрауына қатысты да пікір білдірді.

“Экономиканың өсуі мен оң қарқын алуы туралы айтылған баяндамалар іс жүзінде көрінбейді. Шағын және орта бизнес саласындағы белсенділік мардымсыз, ал инфрақұрылымдық жобалар мен өңірлерді дамытуға салынған қомақты қаржыдан нәтиже көре алмай отырмыз. Мұның бәрі, ұзақ мерзімді жоспарларды айтпағанда, тіпті бір жылдық перспективаның экономикалық тұрғыдан дұрыс жоспарланбайтынын көрсетеді. Оның үстіне, ең негізгісі Үкімет келесі жылы бұл мәселені қалай шешетіні жөнінде өз ұстанымдарын депутаттарға көрсете алмай отыр.”, — деп қосты ол.

Осылайша Мәжіліс төрағасы бюджет және экономикалық саясатты түбегейлі қайта қарау қажеттігін жеткізді.


Рекомендовать
Последние новости