Киноның тілі – тілсіз тіл

Dalanews 06 апр. 2015 00:22 1235

Соңғы уақытта қазақ киносында бір жағымды қозғалыс бар.  Әуесқойлар да, кәсіпқойлар да кино түсіруге кірісіп кетті. Кассалы, көрермендік, халықтық кинолар да болды, арт хаус та түсірілді. Бірақ киноға шын жаны ашитын адамды шығынын ақтаған картина емес, шын өнердің ұшқындары бар туынды ғана қуанта алады. Әділхан Ержановтың “Үкілі кәмшаты” (“Хозяева”) дәл осындай, кино жанашырларын қуантқан туынды.

[caption id="attachment_9987" align="alignleft" width="106"]асия Әсия Бағдәулетқызы[/caption]

Әсия БАҒДӘУЛЕТҚЫЗЫ, журналист

 Бәрі жаттанды пікір түзіп, дайын формулаға құштар заманда өзі болуға батылы жеткен адамды көрсек қуанамыз. Голливудтық шаблондар жас режиссерлерді құрсаулап тастаған кезде, өз жолымен жүргісі келетіндерді табу үлкен табыс. Ал сол ноқтаға басын салғысы келмейтін аздың арасынан шын мәнінде мақсатына жеткен суреткерді кездестіру (және оның біздің замандасымыздан болуы) – Тәңірдің жарылқауы сияқты әсер етеді. Микеланджело Антониониға кезінде «Өзіндік кино тілін тапқаны үшін» деген сыйлық берген. Маған салсаңыз, Әділхан Ержановқа «Өмірді өзгеше көре білетіні үшін және оны кино тілімен көрсете білгені үшін» деген сыйлық табыстар едім.
Астанада қоғамның саналы деген өкілдерінің алдында өткен пресс-көрсетілімде сол саналы азаматтардың қойған сұрағы: “Неге киноңызды бұлай аяқтайсыз?” болды («Бұлай аяқтауға қандай құқыңыз бар?» дегендей әсер етті). “Сіз неге қуанышты фильм түсірмейсіз?” дегендер де табылды. Айналайындар-ау, бұл бала өмірді осындай ракурстан көрсе, оған басқаша түсір деп қайтіп айтуға болады? Басқаша түсіру үшін екінші рет, басқа адам болып дүниеге келу керек. Ешкімге ұқсамайтын режиссер қалыптасып келеді деп қуануға тиіс біз, “Сен неге өзгеше боласың?” деп дүрсе қоя бердік. Ол ол ма, “Сіздің ұлтыңызға жаныңыз ашымайды, қазақты мансұқтап жатырсыз, сатқынсыз” дегендер де табылды

[caption id="attachment_9988" align="alignright" width="687"]48eae5d41757dbcd8ee8b5649e5d6606 Жуба рөлінде белгілі актер Бауыржан Қаптағай[/caption]

Рас, шын өнердің бағасын, шын таланттың құнын білетін қоғам болса, баяғыда-ақ сүйіншілеп, “Дүниеге суреткер келді” деп шаттанатын еді. Бірақ бізде, өкінішке қарай, ондай өре болмай тұр. Бір-екі сыншы жазды, басқалар сүлесоқ қалды. Астанада қоғамның саналы деген өкілдерінің алдында өткен пресс-көрсетілімде сол саналы азаматтардың қойған сұрағы: “Неге киноңызды бұлай аяқтайсыз?” болды («Бұлай аяқтауға қандай құқыңыз бар?» дегендей әсер етті). “Сіз неге қуанышты фильм түсірмейсіз?” дегендер де табылды. Айналайындар-ау, бұл бала өмірді осындай ракурстан көрсе, оған басқаша түсір деп қайтіп айтуға болады? Басқаша түсіру үшін екінші рет, басқа адам болып дүниеге келу керек. Ешкімге ұқсамайтын режиссер қалыптасып келеді деп қуануға тиіс біз, “Сен неге өзгеше боласың?” деп дүрсе қоя бердік. Ол ол ма, “Сіздің ұлтыңызға жаныңыз ашымайды, қазақты мансұқтап жатырсыз, сатқынсыз” дегендер де табылды. Айналып кетейіндер, қазір ұлтына жаны ашымайтын адамдар көп. Және олар әсте де кино түсірумен айналыспайды. Немесе түсірсе де, Әділхан сияқты жанайқай емес түсіретіндері. Көрерменді алдайтын, өзін алдайтын, “бізде бәрі тамаша” деген жылтыр кино түсіреді. Жаны ашитын адам ғана ешкімге ұнамайтын шындықты айтады.

Тағы біреулер болды, “Неге бұлай аяқтай салдыңыз киноны, одан да сол проблемадан шығу жолын көрсетпедіңіз бе?” деген. Түсінесіз бе, өнер ешқашан да рецептілер ұсынбайды. Ол қоғамда жара болса, оның бетін тырнап көрсетуге міндетті. “Қараңдар, назар салыңдар, ертең іріңдеп кетпесін” дейді. Адамдардың ұйықтап кеткен ар-ұятын оятады. Көзін ашады. Егер осы киноны көріп болған соң бір адам өзін түзеуге асықса, пара алудан бас тартсын демейміз, жанындағыларға бір шөкім мейірім сыйласа, сол да жетіп жатыр.

Сонымен, «Үкілі кәмшат» не жайлы? Адамгершіліктен мақұрым жүйе жайлы. Адамдардың тамырынан ажырап қалғаны туралы. Жарықты, сәулені себемін деген адамның ақыры жұтылып кететіні туралы. Қоғамның безбүйректігі мен немқұрайдылығы туралы.

[caption id="attachment_9989" align="alignleft" width="561"]244EptbG5AE Жетім қалған Джон (Айдын Сахаманов), Ерболат (Ерболат Ержанов), Әлия (Әлия Зайналова) деген үш ағайынды қаладан көшіп келеді[/caption]

Фильмнің фабуласына келейік. Жетім қалған Джон (Айдын Сахаманов), Ерболат (Ерболат Ержанов), Әлия (Әлия Зайналова) деген үш ағайынды қаладан көшіп келеді. Қалада күн көре алмай, ауылға, ата-анадан мұраға қалған ескі үйлеріне оралған. Құжаттары бар, заңды иесі осылар. Бірақ олар мұнда тұра алмайды. Тұрғызбайды. Бұл үйде шиеттей бала-шағасы бар Жуба (Бауыржан Қаптағай, рөлін тамаша жеткізгенін қоса кетейік) он жылдан бері тұрып келеді екен. Бірақ мәселе қайда. Андрей Звягинцевтің «Еленасындағы» Еленаның отбасы сияқты, Жубаның отбасы да масыл. Қоғамға пайдасы жоқ, ештеңе істемейді, еңбек етпейді, бірақ баспаналы болғысы келеді. Олардың санасында: «Біз бұл жердің иесіміз, сондықтан маған үй беруге міндеттісің» деген сенім бар. Ал қаладан келген жетімдердің бір кінараты бар – олар заңға сенеді. Және өздері алыстап кеткен ауылда олар шетелдіктер сияқты. Ештеңе түсінбейді, ешкіммен тіл табыса алмайды. Ауыл оларға беймәлім, санаға сыймайтын тылсым заңдармен өмір сүреді екен. Бұл текетірестен белгілі киносыншы Гүлнар Әбікеева қалалық қазақтардың тамырынан ажырап қалғанын, және әлемді шарлап келіп туған жерге оралса да бөтен болып қалатынын көрді. Бірақ мынаны қараңыз, ауыл қазағының өмір формасы да жетісіп тұрған жоқ. Ауыл өмірі бізді құтқара алмайды, өйткені ол да – кісілікті, есті адамның қабылдауы мүмкін емес жүйе ретінде көрсетіліп тұр. Бұл ауылда (бүкіл қоғамымызда деп түсіну керек) полицей де, прокурор да, ең соңғы қаңғыбас Жуба да туған-туыстар. Тіпті, «мәшинемді қайтар» дейтін алқаш орыстың да олармен байланысы бар. Сондықтан заң қорғайды, әділдік бар деген – аңғал баланың есекдәмесі. Бұл ауылдың заңдарын қабылдай алмағандар оған сыймайды. Енді өмірімізге оралайықшы. Шындығында бізде олай емес деп айтып көріңізші? Меніңше, Әділхан қоспасыз шындықты түсірген және сондықтан да “Үкілі кәмшатты” көргеннен кейін бойыңды сұмдық жалғыздық пен мұң билейді.

Фильмінде еуропалық кино тілінің мәдениеті мен азиялық кино тілінің көңіл ауаны бар. Әділхан өмір туралы көзқарасын жеткізуде өзінше көркемдік жолдар іздейді. Мысалы, білікті режиссерлердің көпшілігі жұмыс барысында әйгілі кинокартиналарды пайдаланатыны белгілі. Ол тұрғыда Әділхан Ержанов та әлемдік мәдениетті бойына сіңірген, аса интеллектуал да сезімтал суреткер екенін көрсетті. Мысалы, полицейдің туған күні өтетін көріністі алыңыз. Үстелдің бір жағына ғана жайғасқан қонақтардың көрінісі бірден Леонардо Да Винчидің әйгілі “Құпиялы кешін” еске түсіреді. Ұлы суретшінің жұмысында Иса Пайғамбардың шәкірттерімен өткізген соңғы кеші бейнеленген болатын. Исаны сатып кетердің алдында кімнің кім екенін білу үшін, көрушілерге әрқайсысының бет-жүзі анық көрінсін деген ниетпен, суретші олардың бәрін бір қатарға отырғызған. Сол шығармада Исаны сатып кететін Иуда Искариот болса, Ержановта Ерболатты, яғни әлжуаздық пен адамгершілікті - бүкіл ауыл жұтып қоюға дайын отыр.
Фильмінде еуропалық кино тілінің мәдениеті мен азиялық кино тілінің көңіл ауаны бар. Әділхан өмір туралы көзқарасын жеткізуде өзінше көркемдік жолдар іздейді. Мысалы, білікті режиссерлердің көпшілігі жұмыс барысында әйгілі кинокартиналарды пайдаланатыны белгілі. Ол тұрғыда Әділхан Ержанов та әлемдік мәдениетті бойына сіңірген, аса интеллектуал да сезімтал суреткер екенін көрсетті. Мысалы, полицейдің туған күні өтетін көріністі алыңыз. Үстелдің бір жағына ғана жайғасқан қонақтардың көрінісі бірден Леонардо Да Винчидің әйгілі “Құпиялы кешін” еске түсіреді. Ұлы суретшінің жұмысында Иса Пайғамбардың шәкірттерімен өткізген соңғы кеші бейнеленген болатын

Соңғы кезде біздің кеңістікте қорғансыздық мәселесі өзекті сияқты. Әлемді шуылдатып, “Оскардың” қысқа тізіміне дейін іліккен “Левиафанда” да осы мәселе көтеріледі. Звягинцев дүниедегі ешкім жеңе алмайтын алып құбыжық (левиафан) ретінде билікті нұсқайтын. Осы мәселені Әділхан Ержанов тереңдете түскен. Бүкіл фильмнің бойынан көктей өтетін тағы бір проблема бар. Ол  –немқұрайлылық. Иса Пайғамбарды айқышқа керіп жатқан кезде халық көп жиналыпты дейді. Сонда біреу жаны ашыған, біреу табалаған, ал көпшілік жай ғана қызықтап қараған. Олар бейтараптар, олар немқұрайдылар. Бір аңыз бойынша, сондай қызықтаушылар екі дүниеде де бақытқа кенелмейді екен. Ержановтың фильміндегі мына бір көріністі алыңыз. «Мені өз үйімде сабап кетті» деп полицейлерге шағым айта барған Джонды сол полицейдің өзі соққыға жықпай ма? Немесе Ерболат: «Қарындасым науқас, маған дөңгелек керек” деп жанұшырған сәтін алыңыз. Сатушы қыз: “Екі мың теңге” дейді жай ғана. «барым осы, қалғанын ертең әкеп берем». – «Екі мың теңге». Жертөледе кездескен орыс та Ерболаттың қолына тапаншаны немқұрайлы ғана ұстата салады. Баланың полицейге келген сәтін алыңыз: «Мынаны ұстай тұршы» - «Ағамды қашан жібересіздер?» - «Ағаң өліп қалған». Сотқа арыз беруге барғанда қуықтай терезенің арғы жағынан көрінетін галстук иесі де “Ағаң келсін” дейді бейтарап. “Айтып тұрмын ғой, ол түрмеде, мен  болсам кәмелетке толмағам” - “Следующий” - “Қалай түсінбейсіз сіз, біз үйсіз қалайын деп тұрмыз, қарындасым науқас” - “Следующий”... Фильмнің кейіпкерлері қабырғаға басын соққылап тұрғандай елестейді. Расында, бұл қоғамда ешкім ешнәрсеге жауап бермейді.

Орындалу ерекшелігі сол, Ержановтың түсіру эстетикасы сүйсіндіреді, фильмде барлық детальдар ойластырылған.  Мысалы, Джонның таяқ жеп келген көрінісін алыңыз. Мөп-мөлдір аспанды көресіз. Біртіндеп, оның – судың бетіндегі аспан бейнесі екенін байқайсыз. Сосын... Сосын сол тазалықтың бетіне шып-шып қан тамады. Бір тамшы, екі, үш... Су лайланып сала береді. Адам баласының іңкәр дүниені осылай лайлап жүргені өтірік пе? Немесе мынаған қараңыз. Полицейдің жұмыс үстелінің жоғары жағында біресе Ван Гогтың “Дауылды аспан астындағы бидай алаңы”, біресе балда билеп жүрген сауықшылардың бейнесі ілініп тұрады. Сол полицей намаз оқиды, сол кабинетте Лениннің суреті қасқайып тұр. Полицей Ерболатқа тесік 500 теңгелік берген. Кейін оның «арам» қанының үстінде сол жыртық 500 теңгелік қалқып бара жатады... Абайды перефразалағанда, киноның тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл. Полицейдің арқасындағы қарғалардың бейнесі – Ерболатттың басына бұлт үйірілгелі тұрғанын хабарлайды. «Сауықшылар» – Джонды түрмеге қамап қойып, өздері туған  күн тойлағалы жатқандары немқұрайдылығын көрсетеді. Лениннің бейнесі қоғамның әлі де сол кеңестік санадан шыға алмағанын айтып тұр. Намаз оқып алып, жайнамазын жинауға ерінетін полицейдің мұсылмандығына да күмәнмен қарайсыз. Немесе Жубаның есі ауысқан ұлын алыңыз. Полицей екеуі мультфильм көріп отырады – әлі де балалық шақтан шықпаған, инфантильді, мешел қоғамға нұсқайды. Фильмдегі адам жасаған дүниенің бәрі – үй, кеңсе, машина  – жұпыны, сұрықсыз. Табиғат – жайқалып тұр. Жап-жасыл, желкілдек. Яғни мынау мінсіз дүниеде сүреңсіз өмір сүріп жүріп жатқанымызға өзіміз ғана кінәліміз. Бұл тұста фильм суретшісінің жұмысын ерекше атап өту керек. Музыка – керек кезінде ғана қосылады, А. Иньяриттудың «Бердмэнінен» кейін барабанды осыншама дәл қолданған режиссер осы Әділхан екенін мойындаған жөн шығар.
уыл өмірі бізді құтқара алмайды, өйткені ол да – кісілікті, есті адамның қабылдауы мүмкін емес жүйе ретінде көрсетіліп тұр. Бұл ауылда (бүкіл қоғамымызда деп түсіну керек) полицей де, прокурор да, ең соңғы қаңғыбас Жуба да туған-туыстар. Тіпті, «мәшинемді қайтар» дейтін алқаш орыстың да олармен байланысы бар. Сондықтан заң қорғайды, әділдік бар деген – аңғал баланың есекдәмесі.

Әділхан Ержановтың ерекшелігі, камерасы кейіпкерлердің көзімен қарай алады. Мысалы, ауыл адамдары ағаларын тепкілеп жатқанда, Әлия терезеден қарайды. Қарайды да өзі сияқты бейкүнә, сәл ауытқуы бар “жау баласын” көреді. Оған қарап күлімсірейді. Мынау жыртқыш әлемнің текетірестері оларға жат сияқты. Оларды дүниеауи мәселелердің ешқайсысы мазаламайды. Ал Джонды жерлеп жатқан кезде ауылдың адамдары кенеттен билей бастаған сәтін алыңыз. Сіз айтарсыз, «адамдар, қандай айуан болса да, біреудің жаназасында билемейді» деп. Режиссер сізбен шарттылықтың тілінде сөйлесіп отыр. Мұны көріп тұрған – Ерболаттың көзі. Есіңізде болса, ол жәутеңдеп полицейдің туған күніне келгенде, бәрі билей жөнелмейтін бе еді? Содан қалған әсер бұл. «Біреудің жоғын біреу ән айтып жүріп іздейді» немесе «Жаны ашымастың жанында басың ауырмасын».  Демек, бұл қоғамда ауыруға да, өлуге де, бақытсыз болуға да болмайды. Өйткені, ешкімнің жаны ашымайды. Жаны ашыса да соққыға жығады: Жуба сияқты, «Кешір, балам» дейді де, ұрады, «Кешір» дейді де, ұрады.  Ұрады да, кешірім сұрайды, кешірім сұрайды да, ұрады. Ұрады...

[caption id="attachment_9991" align="alignright" width="448"]IMG_8775 Режиссер Әділхан Ержановтың ерекшелігі, камерасы кейіпкерлердің көзімен қарай алады.[/caption]

Ал Әлия ылғи да бір күнбағысты құшақтап жүреді. Осы гүлдің мағынасын түсініп көрейікші. Әрине, ең алдымен Ержанов жақсы көретін Винсент Ван Гог ойға оралады. Әлемдегі ең әйгілі «Күнбағыстардың» авторы бұл өсімдік жайлы не дейтін еді? “Жұмыстарымнан ашынған айқай шығып тұратыны үшін кешірім сұраймын, есесіне күнбағыстарымнан ризашылық еседі” дейтін. Күнбағыстар – Ван Гогтың торыққан әлеміндегі жалғыз ғана жылы нота болатын. Ержановта да солай. “Сары түс нені білдіреді сіз үшін?” деген сұраққа режиссер: “Мен үшін бұл жылылықтың, отбасылық ұйытқының белгісі” деген еді. Суреткер мақсатына жетті. Сары бояу – көрерменін бас кейіпкерлердің жан-дүние тереңіне жетелейтін шамшырақ секілді: жетім бала жылылықты аңсайды. Эмир Байғазиннің Асланы қайта-қайта моншаға түсе беретіні сияқты, Ержановтың Ерболаты да отыра қалып, қолы тиген жерді сары бояумен сырлай береді. Аслан тазарғысы келеді, Ерболат отбасылық жылуды қайтарғысы келеді. Бірақ ол шарасыз. Сондықтан ауыл адамдары дөңгелегін тасып әкеткен машина да, кейін Әлия сүйеніп қайтыс болатын ақ қайың да сарыға боялып шыға келеді. Тіпті, Джонды жерлеген кезде басына қадалған тақтай да сарыға боялады.

Фильм хэппи ендпен аяқталмайды. Бір отбасы үзілді. Бірақ олардың соңында “Күнбағыс” қалды. Дүниенің жарық сәулесін жұтып үлгермеген Әлия дүниеге аз күн қонақ болғаны үшін алғыс айтты. Әділхан Ержановтың дүниені гротескілі, аздап абсурдты көруі – көркемдік концепцияға айналып үлгерген. Бәрі де суреткерлік жүйеге сыйып, эстетикалық тізбекті құрап, бүтін әлемді – Әділхан әлемін құрап тұр. Жас режиссер өз стилін, өз соқпағын тапты, қазақтың ғана емес, әлемдік кино өнеріне тағы бір талантты, білімдар, интеллектуал, қызықты суреткер қосылды деп сеніммен айта аламыз. Уақытында айылған сөз құнды. Байғазиннің «Сабақтарынан» кейін бұл – біздің замандасымыздың қоғамдағы құбылыстар туралы ашық айтуға өресі жеткен екінші туынды. Және мұндай режиссерлеріміз барда, әлі де болса күдер үзбеуге болады.

Рекомендовать
Последние новости