«Киелі мекен»: Сауран қалашығында сенбілік ұйымдастырылды

Жарбол Кентұлы 16 апр. 2024 15:10 1613

Бүгінде Сауран ауданында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы ретте «Киелі мекен» апталығы аясында Сауран қалашығында сенбілік ұйымдастырылып, қоқыстардан тазартылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы ардагерлер аллеясының аумағында абаттандыру және тал егу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудандағы экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда.

Экоакцияға ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.

Айта кетсек, Сауран қалашығының іргетасы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде қаланған. Сауран қалашығы арқылы «Жібек жолы» өтетін болған.

Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран қалашығы Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады.  XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Сондай-ақ, Сауран қалашығы ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен.


Рекомендовать
Последние новости